үй Әлем жаңалықтары 57 минуттық жеңіліс: Рыбакина Брисбенде керемет шоу жасады

57 минуттық жеңіліс: Рыбакина Брисбенде керемет шоу жасады

83
0

232 rob

57 минуттық жеңіліс: Рыбакина Брисбенде керемет шоу жасады

Фотосурет: championat.com

Елена Рыбакина Брисбен (Аустралия) WTA 500 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші үшінші айналымда әлемнің 30-ракеткасы, бельгиялық Элизе Мертенспен шеберлік байқасты.

Осыған дейін қарсыластар өзара төрт мәрте кездессе, соның үшеуінде Елена жеңіске жеткен еді.

Мертенс оңай шағылатын жаңғақ емес, спорттық жолында үш рет жұптық сында «Үлкен дулыға» турнирінің жеңімпазы атанған тәжірибелі теннисші болатын.

Бұл жолы бірінші партияда қос брейк жасаған Рыбакина айқын басымдық танытты — 6:1. Қазақстандық спортшы екінші сетті де брейкпен бастады — 2:0. Тағы бір брейк — 3:0. Ақыры матч нүктесін өзі доп бергенде қойды — 6:0.

Елена Рыбакина доданың жартылай финалына шығу үшін ресейліктер, әлемнің 16-ракеткасы Вероника Кудерметова немесе рейтингте 28-сатыдағы Анастасия Потапованың біреуімен таласады.

Источник: dknews.kz