үй Әлем жаңалықтары Қазақстан мен Беларусь мәдениет саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

Қазақстан мен Беларусь мәдениет саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

81
0

293 Арман

Қазақстан мен Беларусь мәдениет саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

Қазақстанның Беларусьтегі Елшісі Ерлан Байжанов Беларусь Республикасының Мәдениет министрі Анатолий Маркевичпен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Достық жағдайда өткен мазмұнды әңгіме барысында мәдениет саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері қозғалды.

Қазақстан мен Беларусь мәдениет саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

Елші Е.Байжанов мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мемлекеттер арасындағы одақтастықты және халықтар арасындағы дәстүрлі достықты нығайтуға көмектесетін Қазақстан-Беларусь қатынастарының негізгі элементі екенін атап өтті.

«Өткен кезеңде біздің елдеріміз арасында осы саладағы ынтымақтастық туралы бірнеше келісімдер жасалды. Соңғысы 2017 жылы болған. Біздің пікірімізше, бұл келісімшарттық базаға көбірек нақтылық беру қажет» Ерлан Байжанов

Осыған байланысты Елші тиісті ведомстволардың үш жылдық бірлескен іс-шаралар жоспарын әзірлеуді және бұл құжатқа Президент Қ.Тоқаевтың келесі жылы Минскке жоспарланған ресми сапары барысында қол қою мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Қазақстан Беларусьпен бірлесе отырып, мәдени іс-шараларды табысты ұйымдастыруға, шығармашылық одақтардың үнқатысуын жандандыруға, гастрольдер және көрмелермен алмасуға, тіл саясаты, кітап шығару, киноиндустрия, мұрағат ісі және жастар саясаты салаларында тәжірибелермен алмасуға күш-жігер жұмсауға дайын.

Анатолий Маркевич бұл идеяны қызу қолдап, өз кезегінде мәдени ынтымақтастықтың бірлескен жоспарын әзірлеу үшін екі елдің мәдениет министрліктерінде дереу жұмыс топтарын құруды ұсынды.

Ол Қазақстан Беларусьтің сенімді серіктесі және жақын досы екенін атап өтіп, Қазақстан-Беларусь мәдени алмасуларды жаңа деңгейге көтеруге дайын екенін растады.

Источник: dknews.kz