үй Әлем жаңалықтары Қайтыс болған адам қайта тіріліп кетті

Қайтыс болған адам қайта тіріліп кетті

33
0


                Қайтыс болған адам қайта тіріліп кетті

Фото: ғаламтор

Қытайдағы Гуанси-Чжуан автономиялық ауданында тұрғын тірідей жерленіп, қабірде оянған, деп жазды The Thaiger.

Алматы, NEGE. Ер адамның ұзақ уақыт бойы денсаулығы сыр берген. Бірде анасы оған түскі ас әкелгенде, ес-түссіз жатқанын көрген. Ол дәрігерді шақырғанда, маман жүрегі тоқтағанын және тыныс алмайтынын растап, жан тапсырғанын айтқан. Сөйтіп келініне күйеуі қайтыс болғанын хабарлап, жерлеу рәсімін өткізу үшін үйіне тезірек оралуын өтінген.

Жұбайының кенеттен көз жұмғанына таң қалған әйелі жерлеу рәсіміне үкідей ұшып келеді. Рәсім аяқталғаннан кейін ол бейттің жанына жақындайды. Сол кезде жер астынан шыққан біртүрлі дыбыстарды құлағы шалады. Жанындағылар осы кезде бірден қабірді қаза бастайды. Жиналған қауым табыттың қақпағын ашқан кезде жерленген адамның тірі екеніне көз жеткізген.Құтқарылған адам дереу ауруханаға жеткізілді.

Дәрігерлер қытайлықтың қант диабетімен ауырғанын анықтады. Ұзақ уақыт емделмегендіктен есін жоғалтып, денесі құрғаған. Соның салдарынан ер адамның жүрек соғу жиілігі бәсеңдепті. Ол оттегінің жетіспеушілігінен табытта оянып кетті деп болжануда.

Источник: nege.kz