үй Әлем жаңалықтары «Аркадаг» деп аталады: Түркіменстанның экс-президентінің құрметіне «ақылды қала» салынып жатыр

«Аркадаг» деп аталады: Түркіменстанның экс-президентінің құрметіне «ақылды қала» салынып жатыр

19
0


                «Аркадаг» деп аталады: Түркіменстанның экс-президентінің құрметіне «ақылды қала» салынып жатыр

Фото: turkmenportal.com

Түркіменстанның экс-президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтың құрметіне тұтас бір қала салынып, «Аркадаг» деген атауға ие болды. 

Аламты, NEGE. Қала Ахал облысының жаңа әкімшілік орталығында орналасқан. Қазір экс-президент Гурбангулы Бердімұхамедов Халк Маслахаты Милли Генгештің (Түркіменстан парламентінің жоғарғы палатасы) басшысы. Өзінен кейін ұлы Сердар Бердімұхамедов Түркіменстанның президенті болып сайланды. 

«Тиісті қаулыны Ахал велаяты және елдің басқа аймақтары тұрғындарының тілектерін, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың ұсыныстарын ескере отырып Милли Генгештің Мәжілісі (төменгі палата) қабылдады», деп хабарлайды ИА Ферғана.

Аркадактағы орталық саябақтағы балалар сауықтыру орталығы мен өнер ескерткішіне Гурбангулы Бердімұхамедовтің есімі берілді.

Аркадагтың құрылысы 2019 жылдың сәуір айында басталды. Қаланың құрылысы екі кезеңнен тұрады, бірінші кезеңді тапсыру желтоқсан айына жоспарланған.

Жоспарлар бойынша ол смарт сити – «ақылды қала» болуы керек.

Мұнда электробустар мен электромобильдер жүріп, күн батареялары мен жел генераторлары пайда болады.

2022 жылдың желтоқсан айының басында Гурбангулы Бердімұхамедов Сыртқы істер министрі Рашид Мередовке жаңа қаланы Гиннестің рекордтар кітабына «аймақтағы ең үлкен, қайталанбас және әдемі қала» ретінде енгізу мәселесін шешуді тапсырған.

Источник: nege.kz