Фото: tnaneve.spb.ru
Ресей мен Қытай арасында ғылыми Ай станциясын құру туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды, деп хабарлады Роскосмос басшысы Юрий Борисов.
Алматы, NEGE. «Біз қытайлық серіктестерімізбен тығыз байланыста бола отырып, болашақ Ай базасы құрылысының келесі кезеңіне көшеміз. Өздеріңіз білетіндей, 2021 жылы тиісті меморандумға қол қойылып, жақында ғана Қытай тарапымен осы салада бірлескен жұмыс туралы келісімге келдік», — деді Борисов.
2021 жылдың наурыз айында Ресей мен Қытай Халықаралық ғылыми ай станциясын құру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын.
Источник: nege.kz