үй Әлем жаңалықтары Астанада Қазақстан мен Ұлыбритания ынтымақтастығының перспективалары талқыланды

Астанада Қазақстан мен Ұлыбритания ынтымақтастығының перспективалары талқыланды

93
0

1210

Астанада Қазақстан мен Ұлыбритания ынтымақтастығының перспективалары талқыланды

Фотосурет: Gov

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Салли Аксуорсимен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Тараптар қазақ-британ қатынастарының қазіргі ахуалы мен келешегін, сондай-ақ сауда-экономикалық салада жоспарланған іс-шараларды талқылады.

Сұхбат барысында білім, энергетика, көлік, жасанды интеллект және цифрлық технологиялар, орнықты даму және климат күн тәртібі салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.

Астанада Қазақстан мен Ұлыбритания ынтымақтастығының перспективалары талқыланды

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты және көпжақты өзара іс-қимылдың жоғары қарқынын қолдауға өзара мүдделілік білдірді.

Қазақстан және Ұлыбритания Сыртқы экономикалық байланыстар CIM Халықаралық ынтымақтастық

Источник: dknews.kz