үй Әлем жаңалықтары Қазақстан әлемдегі ең ірі инвестициялық компаниямен әріптестікті нығайтуда

Қазақстан әлемдегі ең ірі инвестициялық компаниямен әріптестікті нығайтуда

85
0

1254

Қазақстан әлемдегі ең ірі инвестициялық компаниямен әріптестікті нығайтуда

Фотосурет: Ақорда

Президент Blackstone компаниясының негізін қалаушылардың бірі және басқарма төрағасы Стивен Шварцманмен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Стивен Шварцман өзара тиімді инвестициялық ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады.

Қазақстан Президентінің айтуынша, Blackstone компаниясының инфрақұрылым мен технологияны дамытуға арналған ауқымды инвестициялау стратегиясы еліміздің экономиканы әртараптандыру, инновация мен орнықты даму салаларындағы ұлттық басымдықтарымен тығыз байланысты.

Мемлекет басшысы Қазақстанды толық цифрлық елге айналдыру жөнінде стратегиялық міндет қойғанына егжей-тегжейлі тоқталды. 

Blackstone компаниясының басшысымен әңгімелесу барысында Қазақстанда дата орталық құрылысы жобасын бірлесіп іске асыру ұсынылды. Сондай-ақ еліміздегі қаржы технологиялары мен жылдам өркендеп келе жатқан компаниялар арқылы активтерді басқару саласындағы ынтымақтастық әлеуетін қарастыруға назар аударылды.

Blackstone – нарықтық капиталы 218 миллиард доллардан асатын әлемдегі ірі инвестициялық компания.

Ақорда Қасым-Жомарт Тоқаев Blackstone Халықаралық ынтымақтастық Қазақстан және АҚШ

Источник: dknews.kz