үй Әлем жаңалықтары Аты аталмаған Батыр: Қазақстан тұрғыны майданда қаза тапқан ағасының қабірін қалай тапты

Аты аталмаған Батыр: Қазақстан тұрғыны майданда қаза тапқан ағасының қабірін қалай тапты

76
0

456 Арман

Аты аталмаған Батыр: Қазақстан тұрғыны майданда қаза тапқан ағасының қабірін қалай тапты

Ер есімі – ел есінде 

Ұлы Отан соғысы туралы әңгімелерді әр отбасы мұқият сақтайды. Біреу әкесінен айырылды, ал біреудің атасы хабар-ошарсыз жоғалып кетті. Көбінесе адамдар туысының қайда және қашан қайтыс болғанын, қайда жерленгенін білмейді және оның қабіріне баруға мүмкіндік табалмайды. Қазіргі уақытта ғаламтор жүйесі арқасында сол кездегі қол жетпес материалдарды зерттеп, жақын адамыңыз туралы ақпарат алуға болады.

Ондаған жылдар бойы іздестіруден кейін, сәтсіздіктерге қарамастан, Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының тұрғыны Ахметқали Наренбаев (Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Бейнеу» кеден бекеті басшысының орынбасары) туған жерінен мыңдаған шақырым жерден ағасының қабірін тапты.

Аты аталмаған Батыр: Қазақстан тұрғыны майданда қаза тапқан ағасының қабірін қалай тапты

Ахметқали Наренбаев туыстарымен бірге 10 жылдан астам уақыт бойы ағасы туралы қандай да болмасын ақпарат іздеді. Міне, іздеу сәтті болды. «Память народа» («Халық жады») сайтының көмегімен ол ақыры ата-бабасының жерленген жерін тапты. Оның Новгород облысы (бұрынғы Ленинград облысы) бауырластар зиратында жерленгені анықталды.

Сансыз ұлдар ешқашан туған отбасыларына оралмады. Майданға кетіп бара жатып, олардың әрқайсысының тек бір арманы -жақындарымен тезірек қауышу болды. Бірақ, өкінішке орай, соғыстың қасіреті миллиондаған жас жігіттердің жанын жұтып қойды. Солдат Афуажан Демегеновпен де солай болған. Ол 1942 жылы Ленинград облысындағы майданда шайқаста қаза тапты. Ол сол маңдағы орманда мәңгілік панасын тапты.

Өкінішке орай, тегі мен аты қате жазылғаннан ізі жоғалып кеткен, сондықтан көптеген жылдар бойы сарбаздың отбасы бабасының жерленген орнын анықтай алмай жүрді.

Аты аталмаған Батыр: Қазақстан тұрғыны майданда қаза тапқан ағасының қабірін қалай тапты

Тек 80 жылдан кейін солдаттың ұрпағы фашизмге қарсы күресте халқының бейбітшілігі мен амандығы үшін өмірін қиған ата-бабасының басына барып келген.

Сарбаздың туыстарына Иванова Юлия Валерьевна бастаған Старорусский ауданының Медниковский ауылдық елді мекенінің әкімшілігі жәрдем көрсетті. Атап айтқанда Санкт-Петербург қаласында тұратын Ахметқалидың сыныптасы Голощапова Лариса Геннадьевна үлкен үлесін қосты. Ол хат алмасуды, келіссөздер мен сапарды ұйымдастыруды өз мойнына алған.

Ахметқали Наренбаев жолдастарымен, әкімшілік пен комиссариат өкілдерімен бірге қаза тапқан батырды бір минут үнсіздікпен еске алып, әскери мемориалдық жерлеудегі батырлардың бауырлас қабіріне гүл шоқтарын мен туған жерінен әкелінген бір уыс топырағын қойды.

Ахметқалидің хиқаясы-жігерлілікпен және ата-бабасын тауып, оның есімін мәңгі қалдыруға деген ұмтылыстың жарқын үлгісі. Өйткені, сол сұрапыл соғыстың біткеніне қанша жыл толса да, жады тірі болса- ер есімі халық есінде мәңгілік сақталып қалады.

Туады ерлер ел үшін,

Өлмейді ісі мәңгілік.

Өшпейді абзал есімдер,

Ұрпаққа жетіп мәңгілік.

Источник: dknews.kz