үй Әлем жаңалықтары Қазақстан және SOVICO Group: инвестициялар мен дамуға назар аудару

Қазақстан және SOVICO Group: инвестициялар мен дамуға назар аудару

62
0

161 Awrora

Қазақстан және SOVICO Group: инвестициялар мен дамуға назар аудару

Фотосурет: Akorda

Мемлекет басшысы SOVICO Group компаниясының басқарма төрағасы Нгуен Тхань Хунгті қабылдады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Нгуен Тхань Хунгке ілтипат білдіре отырып, өзінің биыл тамыз айында Вьетнамға жасаған ресми сапарын еске салды. Сапар барысында қол жеткізілген уағдаластықтар екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге және өзара тиімді кооперацияның жаңа бағыттарын ашуға тың серпін берді.

Қазақстан және SOVICO Group: инвестициялар мен дамуға назар аудару

Президент SOVICO Group компаниясының инвестициялық қызметіне қажетті жағдай жасауға еліміздің дайын екенін жеткізді.

«Сіздің Қазақстандағы іскерлік белсенділігіңізді құптаймыз. Өзара ынтымақтастық орнататын салаларды айқындай алатынымызға сенімдімін» Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысының айтуынша, аталған шаралар Қазақстан мен Вьетнам арасындағы іскерлік байланысты жандандыруға ықпал етеді.

Қазақстан және SOVICO Group: инвестициялар мен дамуға назар аудару

Кездесу барысында ықпалдастықтың перспективті бағыттары, соның ішінде көлік-логистика, қаржы және тау-кен салаларындағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылды.

Источник: dknews.kz