үй Әлем жаңалықтары Қазақстан мен Doosan Enterbility технологиялар трансферінің перспективаларын талқылады

Қазақстан мен Doosan Enterbility технологиялар трансферінің перспективаларын талқылады

59
0

212 Awrora

Қазақстан мен Doosan Enterbility технологиялар трансферінің перспективаларын талқылады

Фотосурет: wikipedia.org

Үкіметте Қазақстан мен Кореяның энергетика саласындағы инвестициялық ынтымақтастығы талқыланды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Doosan Enerbility компаниясының маркетинг жөніндегі вице-президенті Юнхо Янгпен кездесті.

Кездесу барысында Янг мырза Doosan Enerbility компаниясының энергетика саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша ұсыныстарымен таныстырды. Атап айтқанда, Қазақстанда генераторларды, кәдеге жарату қазандықтарын, жел турбиналарын құрастыру бойынша өндірістер, сондай-ақ технологиялар трансферті бойынша құзырет орталығын құру туралы сөз болып отыр.

Өз кезегінде Роман Скляр Қазақстан мен Корея Республикасы стратегиялық әріптестер болып табылатынын және Doosan Enterbility инвестициялық ұсыныстары халықаралық ынтымақтастық пен елдеріміз арасындағы өзара тиімді әріптестікті нығайтуға бұдан да үлкен ынталандыру беретінін атап өтті.

Жиын қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді.

Источник: dknews.kz