үй Әлем жаңалықтары Спорттық күштің салтанаты: Астанадағы қоян-қолтық жекпе-жектен турнирлердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері

Спорттық күштің салтанаты: Астанадағы қоян-қолтық жекпе-жектен турнирлердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері

54
0

220 Awrora

Спорттық күштің салтанаты: Астанадағы қоян-қолтық жекпе-жектен турнирлердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері

Фотосурет: Gov

Астанада қоян-қолтық ұрыстан өткен халықаралық және республикалық турнирлердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды, деп хабарлайды DKNews.kz.

ТМД-ға мүше мемлекеттер достық армиялары арасындағы армиялық қоян-қолтық ұрыс чемпионаты мен Қазақстан Қорғаныс министрінің кубогы үшін қоян-қолтық ұрыстан өткен республикалық турнирдің қорытындысы шығарылды.

Спорттық күштің салтанаты: Астанадағы қоян-қолтық жекпе-жектен турнирлердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері

Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында Беларусь, Қазақстан, Ресей және Өзбекстаннан келген 180-нен астам спортшы қатысқан жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау салтанаты өтті.

Қорғаныс министрінің кубогы үшін Қазақстан күштік құрылымдарының 16 құрама командасы күш сынасты. 

Спорттық күштің салтанаты: Астанадағы қоян-қолтық жекпе-жектен турнирлердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері

Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлт денсаулығын нығайту мен халық арасында бұқаралық спортты дамыту мәселелеріне көп көңіл бөлетінін атап өтті.

Генерал-полковник Руслан Жақсылықов халықаралық қоян-қолтық жекпе-жек федерациясының президенті Сергей Астаховқа спорттың осы түрін насихаттағаны үшін алғысын білдіріп, спортшыларды байрақты бәсекенің аяқталуымен құттықтады.

Спорттық күштің салтанаты: Астанадағы қоян-қолтық жекпе-жектен турнирлердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері

 

– Қоян-қолтық ұрыс еліміздегі барлық күштік құрылымдарда маңызға ие. Қарулы күштерде әскери қызметшілердің дене шынықтыру бағдарламасы пәндерінің бірі болып табылады. Бұл әскери қызметшілерді шынықтырып, оларды мықты әрі төзімді ететін спорт түрі, – деп атап өтті министр.

Өз кезегінде Халықаралық қоян-қолтық ұрыс федерациясының президенті Сергей Астахов Қазақстан Қорғаныс министрлігінің басшылығына іс-шараны жақсы ұйымдастырғаны үшін алғысын білдірді.

– Аязға қарамастан, біз сіздердің жүрек жылуларыңыз бен қонақжай көңілдеріңізге бөлендік. Қазақстан Халықаралық жарыстарды өткізуді өз мойнына алып отыр. Жуырда ғана біз осында қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионатын өткіздік. Ал бүгін армиялық қоян-қолтық ұрыстан ТМД чемпионаты өтіп отыр. Мұның бәрі спорттың барлық салаларының дамуына сөзсіз серпін береді. Қазақстан спорттық қоян-қолтық ұрыс, өзін-өзі қорғау және армиялық қоян-қолтық ұрыс бойынша бірлескен чемпионаттар өткізетін алғашқы ел болып отыр. Бұл жақсы дәстүрге айналды және келесі жылдан бастап Халықаралық федерацияның барлық ірі жарыстарына армиялық қоян-қолтық ұрысы да қосылмақ. Бұл жерде, әрине, Қазақстанның еңбегі елеулі, — деп атап өтті ол.

Спорттық күштің салтанаты: Астанадағы қоян-қолтық жекпе-жектен турнирлердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері

Өз кезегінде ризашылық белгісі ретінде Халықаралық федерацияның басшысы Сергей Астахов генерал-полковник Руслан Жақсылықовқа қоян-қолтық ұрыс шеберінің қара белбеуін табыс етті.

ТМД-ға қатысушы мемлекеттер достық армиялары чемпионатының қорытындысы бойынша командалық есепте Қазақстан құрамасы жеңіске жетті. Екінші орынды Ресей командасы еншілесе, өзбекстандық спортшылар үшінші орынға ие болды.

Спорттық күштің салтанаты: Астанадағы қоян-қолтық жекпе-жектен турнирлердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері

Жеке біріншілікте 55 келіге дейінгі салмақта сержант Айдын Нұридинов (Қазақстан), 60 келіге дейінгі салмақта майор Аман Шәкіртов (Қазақстан), 65 келіге дейінгі салмақта аға лейтенант Жәнібек Сәбит (Қазақстан), 70 келіге дейінгі салмақта сержант Андрей Ляшенко (Ресей), 75 келіге дейінгі салмақта сержант Олимжон Номуродов (Өзбекстан), 80 келіге дейінгі салмақта курсант Темірхан Хасанов (Ресей), 85 келіге дейінгі салмақта сержант Азамат Асылбекұлы (Қазақстан), 85 келіден жоғары салмақта лейтенант Руслан Габараевтар (Ресей) чемпион атанды.  

Спорттық күштің салтанаты: Астанадағы қоян-қолтық жекпе-жектен турнирлердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері

Сонымен бірге ресейлік спортшы Руслан Габараевқа «Үздік техника» номинациясы берілді. Ал «Жеңіске деген жігері үшін» номинациясына өзбек спортшысы сержант Шохруз Шарифов ие болды. Әділ төрешілік жасағаны және спорттық қағидаттарды мүлтіксіз орындағаны үшін жарыс төрешісі, ҚР Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубы спорттық іс-шараларды ұйымдастыру бөлімінің офицері аға лейтенант Нұрбол Саябаев грамотамен марапатталды.

Спорттық күштің салтанаты: Астанадағы қоян-қолтық жекпе-жектен турнирлердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері

Қазақстанның күштік құрылымдары арасындағы қоян-қолтық ұрыстан ҚР Қорғаныс министрінің кубогын Қорғаныс министрлігінің командасы жеңіп алды. Екінші орынды Мемлекеттік күзет қызметінің құрамасы иеленсе, Ішкі істер министрлігінің командасы үшінші орынды місе тұтты.

Спорттық күштің салтанаты: Астанадағы қоян-қолтық жекпе-жектен турнирлердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері

Жеке есепте әйелдер арасында 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ефрейтор Аян Тұрсын (Орталық спорт клубы), 64 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде аға лейтенант Амина Шайменова (Мемлекеттік күзет қызметі), 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде аға лейтенант Гүлбану Саматова (ІІМ) чемпион атанды.

Спорттық күштің салтанаты: Астанадағы қоян-қолтық жекпе-жектен турнирлердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері

Ерлер арасында 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сержант Жандос Мадехиянов (Қорғаныс министрлігі), 62 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде капитан Асхат Жылысбеков (ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі), 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде капитан Аманбек Жаманқараев (ІІМ), 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сержант Аслан Ораз (Мемлекеттік күзет қызметі), 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде майор Асылбек Смайылов (Мемлекеттік күзет қызметі), 88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде лейтенант Арман Ерменбет (Қорғаныс министрлігі), 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде аға лейтенант Мейрамбек Алматы (Мемлекеттік күзет қызметі), 97 келіден жоғары салмақ дәрежесінде аға лейтенант Жарас Ілиясов (Мемлекеттік күзет қызметі алтыннан алқа тақты.

Источник: dknews.kz