үй Әлем жаңалықтары Қазақстан мен IRENA ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі

Қазақстан мен IRENA ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі

61
0

2970 rob

Қазақстан мен IRENA ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі

Фотосурет: Gov

Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі және Халықаралық жаңартылатын энергия көздері агенттігіндегі ҚР Тұрақты өкілі Нажмедин Мұхаметәліұлы IRENA Бас директоры Франческо Ла Камераға сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Кездесу барысында ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарына қатысты мәселелер талқыланды. Н. Мұхаметәліұлы жаңартылатын энергетика саласында әртүрлі елдердің күш-жігерін біріктіретін IRENA-ның маңызды рөлін атап өтті.

ҚР Тұрақты өкілі Ұйымның жұмысына белсенді қатысып, серіктестік қарым-қатынастарды дамытуға дайын екенін растады.

Қазақстан мен IRENA ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара мүдделілік білдірді.

Источник: dknews.kz