үй Әлем жаңалықтары Лаос Президенті Қазақ-Лаос қатынастарын нығайтуға қолдау білдірді

Лаос Президенті Қазақ-Лаос қатынастарын нығайтуға қолдау білдірді

29
0

3080 rob

Лаос Президенті Қазақ-Лаос қатынастарын нығайтуға қолдау білдірді

Фотосурет: ҚР СІМ

Қазақстан Республикасының Елшісі Қанат Тумыш Лаос Халық Демократиялық Республикасының Президенті Тхонглун Сисулитке сенім грамоталарын табыс етті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Жүздесу барысында екі ел арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың және көпжақты өзара іс-қимылдың кейбір өзекті мәселелері талқыланды. Оның ішінде, Лаостың 2024 жылғы АСЕАН-дағы төрағалығы, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси бағытының негізгі қырлары және Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар, екіжақты сауда-экономикалық, мәдени және логистика жөніндегі ынтымақтастықты әрі қарай жандандыру.

Лаос Президенті Қазақ-Лаос қатынастарын нығайтуға қолдау білдірді

Сондай-ақ, Елші Қазақстанның Түркі мемлекеттері ұйымындағы төрағалығы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып, осы бірлестік елдерінің Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығымен (АСЕАН) ынтымақтастығын жандандыру туралы ұсыныс енгізді. Тараптар осы мақсат үшін Орта дәліздің транзиттік-көліктік және мультимодальды-логистикалық әлеуетін пайдалану және арттыру өте маңызды деп келісті.

Лаос Президенті Қазақ-Лаос қатынастарын нығайтуға қолдау білдірді

Өз кезегінде, Лаос Президенті екіжақты ынтымақтастықты дамытудың перспективалы бағыттары ретінде ауыл шаруашылығы, энергетика, құрылыс және білім беру болып табылады деп айтты. Атап айтқанда, Лаос тарапы Қазақстанның энергетика саласын дамыту саясатына және тәжірибесіне қызығушылық танытып, тиісті министрліктер арасында онлайн форматында келіссөздер жүргізуді ұсынды.

Сонымен қатар, ҚР Елшісі сапар аясында Лаос Сыртқы істер министрінің орынбасары Бунлиа Пханданувонгмен кездесу өткізіп, оның қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Лаос Халық Демократиялық Республикасының Үкіметі арасындағы дипломатиялық және қызметтік/ресми паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды.

Лаос Президенті Қазақ-Лаос қатынастарын нығайтуға қолдау білдірді

Кездесу алдағы жылдары екіжақты қарым-қатынастарды сапалы жаңа деңгейге көтеруге бағытталған жылы, достас ахуалда өтті.

Источник: dknews.kz