үй Әлем жаңалықтары Қазақстан мен Венгрия университеттері өз байланыстарын нығайтуда

Қазақстан мен Венгрия университеттері өз байланыстарын нығайтуда

27
0

973 Арман

Қазақстан мен Венгрия университеттері өз байланыстарын нығайтуда

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға Венгрия астанасы Будапешт қаласындағы Обуда университетінің ректоры Левент Ковач бастаған делегация жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Венгрия делегациясының құрамындағы Бас директор Андраш Мольнар, «Alba Regia» техникалық факультетінің деканы Дьердь Георок, техникалық факультеті деканының орынбасары және Орталық Азия аймағының үйлестірушісі Моника Погатшник, Байланыс және баспасөз қызметі департаментінің жетекшісі Илдико Тот кездесуде болып, ҚазҰУ қызметімен танысты.

Қазақстан мен Венгрия университеттері өз байланыстарын нығайтуда

Қазіргі уақытта ҚазҰУ Венгрияның 8 университетімен: Обуда университетімен, Янош Кодолани атындағы Қолданбалы ғылымдар университетімен, Сегед университетімен, Батыс Венгрия университетімен, Эстерхази Карои атындағы Колледжімен, Петер Пазман католик университетімен, Шопрон университетімен және Земмельвейс университетімен ынтымақтастық байланыс орнатқан.

Қазақстан мен Венгрия университеттері өз байланыстарын нығайтуда

Айта кету керек, ынтымақтастық аясында соңғы жылдары 10 докторант пен 73 студент Венгрияның жоғары оқу орындарына тағылымдамадан өтті. Сондай-ақ осы кезеңде 20 оқытушы ғылыми жобалар бойынша Венгрия жоғары оқу орындарында халықаралық симпозиумдарға қатысты.

Қазақстан мен Венгрия университеттері өз байланыстарын нығайтуда

Академиялық ұтқырлық аясында 2019-2020 оқу жылының көктемгі семестрінде Сегед университетінен 2 студент университеттің филология факультетінде «Қазақ филологиясы» мамандығы бойынша білім алды.

Қазақстан мен Венгрия университеттері өз байланыстарын нығайтуда

Өз кезегінде венгриялық делегация ҚазҰУ басшылығына алғыс айтып, ортақ жобаларды нәтижелі жалғастыра беретіндіктерін айтты.

Қазақстан мен Венгрия университеттері өз байланыстарын нығайтуда

Қазақстан мен Венгрия университеттері өз байланыстарын нығайтуда

Тараптар ғылыми және білім беру үдерісіне қатысты бірқатар мәселелерді талқылап, әріптестік байланыстарды жаңа бағытта дамытуға уағдаласты,одан әрі ынтымақтастық туралы уағдаласты.

Источник: dknews.kz