үй Әлем жаңалықтары Бірлескен жобалар: Қазақстан мен Чехия 230 миллион еуроға келісімге қол қойды

Бірлескен жобалар: Қазақстан мен Чехия 230 миллион еуроға келісімге қол қойды

238
0

959 Awrora

Бірлескен жобалар: Қазақстан мен Чехия 230 миллион еуроға келісімге қол қойды

Астанада өткен Қазақстан-Чехия бизнес-форумының қорытындысы бойынша жалпы құны €230 млн құрайтын келісімге қол қойылды 

Астанадағы Қазақстан-Чехия бизнес-форумының қорытындысы бойынша Skoda Transportation компаниясымен, EGAP экспорттық сақтандыру агенттігімен, Чехияның экспорттық банкімен, Тransco компаниясымен жалпы құны €230 млн құрайтын меморандумға және басқа да құжаттарға қол қойылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Іс-шараға екі ел Үкіметтерінің басшылары Әлихан Смайылов пен Петр Фиала, мемлекеттік сектордың, ұлттық компаниялар мен іскер топтардың өкілдері қатысты. Бизнес-форум аясында пленарлық отырыс өтіп және B2B форматында екіжақты кездесулер болды.

Бірлескен жобалар: Қазақстан мен Чехия 230 миллион еуроға келісімге қол қойды

Әлихан Смайылов өз сөзінде қазіргі уақытта республика аумағында 200-ге жуық бірлескен кәсіпорын жұмыс істейтінін атап өтті.

«Чех бизнесінің Қазақстанда бірлескен жобаларды іске қосуға қызығушылық танытуы – біздің еліміздегі қолайлы инвестициялық ахуалдың шынайы көрінісі. Бізде серпінді инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін барлық қажетті алғышарттар бар» Әлихан Смайылов

Бірлескен жобалар: Қазақстан мен Чехия 230 миллион еуроға келісімге қол қойды

Ол Қазақстан инвестиция тарту бойынша Орталық Азияда көшбасшы болып қала беретінін еске салды. Осылайша, тәуелсіздік жылдарында республика $410 млрд-тан астам тікелей шетелдік инвестиция тартуға қол жеткізді.

«Біздің стратегиялық міндетіміз – 2029 жылға дейін тағы $150 млрд инвестиция тарту. Еліміздегі инвесторлар үшін салықтық жеңілдіктер, кедендік төлемдерден босату және т. б. түрлі мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылған. Экономиканың басым секторлары үшін бөлек арнайы экономикалық және өнеркәсіптік аймақтар бар. Олардың қатысушылары барлық қажетті инфрақұрылым мен жеңілдіктер пакетін алады» Әлихан Смайылов

Бірлескен жобалар: Қазақстан мен Чехия 230 миллион еуроға келісімге қол қойды

Үкімет басшысы инвестиция тартудың маңызды алаңына айналған, тиісті қаржы құралдары мен қызметтерінің толық жиынтығына ие «Астана» халықаралық қаржы орталығының қызметін ерекше атап өтті. Орталықтың табысты жұмысының дәлелі – онда қазірдің өзінде әлемнің 73 елінен 1800-ден астам компания тіркелген.

Бірлескен жобалар: Қазақстан мен Чехия 230 миллион еуроға келісімге қол қойды

Сөз соңында Әлихан Смайылов Астанада өтіп жатқан бизнес-форум Қазақстан мен Чехияның өзара сауда-экономикалық қарым-қатынастарын тереңдетуге тың серпін беретінін атап өтті. 

«Біздің форум аясында €230 млн сомасындағы бірқатар құжаттарға қол қойылуда, соның негізінде түрлі бірлескен жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр. Біз чехиялық әріптестермен инвестициялық ынтымақтастығымызды одан әрі тереңдетуге дайынбыз және ниеттеміз» Әлихан Смайылов

Источник: dknews.kz