үй Әлем жаңалықтары Қазақстан СІМ мен түрік бизнесі агроөнеркәсіп саласындағы жобаларды кеңейтуге келісті

Қазақстан СІМ мен түрік бизнесі агроөнеркәсіп саласындағы жобаларды кеңейтуге келісті

64
0

2464

Қазақстан СІМ мен түрік бизнесі агроөнеркәсіп саласындағы жобаларды кеңейтуге келісті

Фотосурет: Gov

Қазақстан СІМ басшысы түрік бизнес өкілдерімен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Түркияның жетекші «Orzax» және «Alarko Holding» компанияларының басшыларымен екіжақты кездесулер өткізді.

Келіссөздер барысында Қазақстанның агроөнеркәсіп кешені мен тамақ өнеркәсібін дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Қазақстан СІМ мен түрік бизнесі агроөнеркәсіп саласындағы жобаларды кеңейтуге келісті

М.Нұртілеу Қазақстан Түркиямен сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға айрықша мән беретінін атап өтіп, экономиканың басым секторларына тікелей инвестициялар тартуға мүдделі екенін жеткізді.

«Orzax» компаниясының бас директоры Юнус Эмре Алимоглу Түркістан облысында биологиялық белсенді қоспалар шығару жобасы туралы мәлімет берді. Ол мемлекет тарапынан көрсетілген уақтылы қолдаудың арқасында жоба бекітілген кестеге сәйкес іске асырылып жатқанын атап өтті.

Қазақстан СІМ мен түрік бизнесі агроөнеркәсіп саласындағы жобаларды кеңейтуге келісті

«Alarko Holding» басқарма төрағасы Иззет Гарих Шымкент қаласында заманауи жылыжай кешені құрылысының барысы туралы айтып, жобаның табысты іске асырылатынына және компанияның Қазақстандағы қызметін кеңейтетініне сенім білдірді.

Сұхбаттастар инвестициялық серіктестікті нығайтуға өзара бейілділігін растап, перспективалы жаңа бағыттар бойынша өзара іс-қимылды кеңейтуге дайын екенін білдірді.

СІМ ҚР СІМ Қазақстан және Түркия Сыртқы экономикалық байланыстар Сауда-экономикалық әріптестік

Источник: dknews.kz