үй Әлем жаңалықтары Хьюстондағы FIRST чемпионатында Қазақстаннан 7 команда ел намысын қорғайды

Хьюстондағы FIRST чемпионатында Қазақстаннан 7 команда ел намысын қорғайды

66
0

1958

Хьюстондағы FIRST чемпионатында Қазақстаннан 7 команда ел намысын қорғайды

Фотосурет: Gov

Қазақстандық оқушылар АҚШ-та өтетін әлемдегі ең ірі робототехника чемпионатында ел намысын қорғайды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстаннан жеті команда АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтетін FIRST Championship атты мектеп оқушыларына арналған ең беделді инженерлік жарысқа аттанды. Байқауға қатысушының ең кішісі — небәрі 6 жаста, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Хьюстондағы FIRST чемпионатында Қазақстаннан 7 команда ел намысын қорғайды

Биыл чемпионат 110 елден келген 50 мыңнан астам жас инженер мен өнертапқыштарды біріктірді. 2025 жылғы маусымының тақырыбы — суасты әлемін зерттеу және қорғау.

Хьюстондағы FIRST чемпионатында Қазақстаннан 7 команда ел намысын қорғайды

Биыл Қазақстан бұл байқауға бұрын-соңды болмаған ауқымда — бірден 7 командамен қатысып отыр. Жолдаманың көбеюі — еліміздің мектеп робототехникасының халықаралық беделі артып келе жатқанын көрсетеді.

Хьюстондағы FIRST чемпионатында Қазақстаннан 7 команда ел намысын қорғайды

«Біздің командалар — маусымның басты фавориттері. Қазақстанның қоржынына тағы да жүлделер мен жеңістер қосылады деп үміттенеміз» USTEM Foundation қоғамдық қорының жетекшісі Асылбек Мурзахметов

Хьюстондағы FIRST чемпионатында Қазақстаннан 7 команда ел намысын қорғайды

Қазақстан құрамасы Орталық Азия чемпионаты — Almaty Tech Cup нәтижесінде іріктелді. Ел атынан қатысып жатқан командалар:

Atlantis — «Сатурн» мектебі, Павлодар қаласы;
PID — Назарбаев зияткерлік мектебі, Алматы қаласы;
Cristabol — Назарбаев зияткерлік мектебі, Алматы қаласы; Skillset — «Skillset» мектебі, Астана қаласы;
JelToqSun және  Rasslexx — «Мұрагер» мектебі, Қарағанды қаласы.

Хьюстондағы FIRST чемпионатында Қазақстаннан 7 команда ел намысын қорғайды

Айта кетейік, Қазақстан — FIRST GLOBAL робототехникасынан 190-нан астам ел қатысатын әлем чемпионатының үш дүркін жеңімпазы: Женева (2022), Сингапур (2023), Афина (2024).

робототехника мектеп инженериясы әлем чемпионаты

Источник: dknews.kz