үй Әлем жаңалықтары Қазақстанда рұқсат құжаттары мен кедендік қызмет көрсетулер автоматтандырылды

Қазақстанда рұқсат құжаттары мен кедендік қызмет көрсетулер автоматтандырылды

33
0

257 Арман

Қазақстанда рұқсат құжаттары мен кедендік қызмет көрсетулер автоматтандырылды

2022 жылдың басынан бастап мемлекеттік кірістер органдарымен экспорттық-импорттық операциялар бойынша «Бірыңғай терезе» порталы арқылы кеден ісі саласындағы 115 мыңнан астам рұқсат құжаттары мен қызмет көрсетулер электронды түрде рәсімделген. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

Қазақстанның сауда рәсімдерін оңайлату бойынша міндеттемелерін орындау, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету инфрақұрылымын дамыту мақсатында 2019 жылғы наурызда экспорттық-импорттық операциялар бойынша «Бірыңғай терезе» порталы енгізілді, оны іске қосу халықаралық ұйымдардың ұсынымдары бойынша кезең-кезеңімен жүзеге асырылды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

«Бірыңғай терезе» порталының негізгі мақсаты – бұрын әртүрлі ақпараттық жүйелерде болған ақпарат пен функцияларды бір жерде біріктіру.

Ағымдағы жылы «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша Бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесін дамыту және функционалмен толықтыру жалғастырылды.

Мәселен, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру шеңберінде кеден ісі саласында мынадай қызметтерді электрондық түрде көрсетуге көшу бойынша жұмыс жүргізілді:

  • «Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу»;
  • «Өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу»;
  • «Кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу»;
  • «Еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізу»;
  • «Кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу»;
  • «Уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу»;
  • «Бажсыз сауда дүкендерінің тізіліміне енгізу»;
  • «Зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу»;
  • «Кедендік тасымалдаушылар тізіліміне енгізу».

Ағымдағы жылдың соңына дейін «Кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді тіркеуге өтініш» модулін іске қосу жоспарлануда.

Уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп сәйкестікті бағалау туралы құжаттарды (ҚР СИМ ТРМК), жабайы жануарларды/өсімдіктерді тасымалдауға рұқсаттарды (ҚР ЭГТРМ), бағалы металдарға/тастарға мемлекеттік бақылау актілерін (ҚР ИИДМ ИДК) беру жөніндегі компоненттерді тестілеу, сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің бірыңғай кедендік тізілімдерін қалыптастыру үшін жалпы процестерге қосылу бөлігінде Еуразиялық экономикалық комиссияның ақпараттық жүйесімен интеграциялау жөніндегі іс-шаралар аяқталуда.

Сонымен қатар «Бірыңғай терезе» пайдаланушыларына:

  • ақпараттық бөлімдері бар «Бірыңғай терезе» порталы;
  • Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлар номенклатурасын жіктеу бойынша, шығарылған елі, жиналмаған/бөлшектелген тауарлар бойынша алдын ала шешімдер алу;
  • әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешім алу;
  • тіркелмеген пестицидтерді әкелуге ҚР АШМ рұқсаттарын алу;
  • сәйкестікті растау жөніндегі органдар беретін сәйкестік туралы сертификаттар мен декларацияларды алу (ҚР СИМ ТРМК);
  • ҚР ДСМ СЭБК беретін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді алу;
  • VIN-код бойынша автокөлік құралдарын кедендік тазарту фактісін тексеру қолжетімді.

Растайтын құжаттар мен мәліметтерді бірнеше рет ұсыну қажеттілігін болдырмау үшін қазіргі уақытта бөгде жүйелермен 17 интеграция іске асырылды.

Іске асырылған интеграциялар мәлімделген мәліметтер мен ұсынылған құжаттарды басқа жүйелерден автоматты түрде тексеруге мүмкіндік берді.

Пайдаланушылардың қолайлылығы үшін электрондық пошта және СМС-хабарламалар арқылы қызмет көрсету мәртебесі туралы хабарлама алу мүмкіндігі іске асырылды.

«Бірыңғай терезені» одан әрі дамыту мүмкіншілігі функционалдық мүмкіндіктерді, оның ішінде жаңа рұқсат беру құжаттарын автоматтандыру, көрсетілген қызметтер бойынша ақпарат алмасу үшін қосымша жүйелермен интеграциялау бөлігінде кеңейту болып табылады.

Источник: dknews.kz