218 Awrora

Фотосурет: Gov
«Азия үйі» музейінде Кубада аккредиттелген дипломатиялық корпустың Азия елдері өкілдерінің ұйымдастыруымен Карлос Панеке атындағы мектеп оқушыларына арналған мәдени іс-шара өтті, передает DKNews.kz.
Іс-шараның негізгі мақсаты шет елдердің мәдениеті мен дәстүрлерімен таныстыру болды. Қазақстан Елшілігі де осы іс-шараға белсенді қатысты.

Іс-шара барысында қатысушылар ҚР мемлекеттік рәміздерімен, қазақ этносының ұлттық киімдері мен тұрмыс заттарымен, сондай-ақ дәстүрлі ұлттық тағамдармен танысты. Елтану бейнематериалдары мен кітап өнімдері ұсынылды. Кубалық оқушылар Қазақстанға, атап айтқанда, ұлттық қазақ тағамдарына шынайы қызығушылық танытты.

Екі ел арасындағы қатынастар географиялық қашықтыққа қарамастан одан әрі дамуға айтарлықтай әлеуетке ие екені, оның ішінде осы іс-шара сияқты мәдени-гуманитарлық алмасулар басым бағыттардың қатарына кіретіні аталып өтті.
Источник: dknews.kz



