үй Әлем жаңалықтары Әзірбайжан оқушылары Қазақстан мәдениетін ашады

Әзірбайжан оқушылары Қазақстан мәдениетін ашады

650
0

208 Awrora

Әзірбайжан оқушылары Қазақстан мәдениетін ашады

Фотосурет: Gov

Қазақстанның Әзербайжандағы Елшілігінің қатысуымен «Kaspi» халықаралық мектебінде әлем елдерінің мәдениеттеріне арналған іс-шара өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Әзірбайжан оқушылары Қазақстан мәдениетін ашады

Іс-шараның басында мектеп оқушылары салтанатты шеру барысында бір-бірін қошеметтеп, Қазақстан, Түркия, АҚШ, Ұлыбритания, Ресей, Украина, Канада, Франция, Мысыр, Жапония, Оңтүстік Африка Республикасы және т.б. елдердің ұлттық киімдерін ұсынды.

Әзірбайжан оқушылары Қазақстан мәдениетін ашады

Шараның негізгі бөлігі оқу кабинеттерінде өтті. Мектеп оқушылары тақырыптық көрмелерді ұйымдастырып, әлем елдерінің мәдениеті мен дәстүрлері туралы презентацияларды өткізді.

Әзірбайжан оқушылары Қазақстан мәдениетін ашады

Атап айтқанда, бірінші сынып оқушылары іс-шара қонақтарын қазақ тілінде қарсы алып, Қазақстанның ұлттық дәстүрлері мен көрікті жерлері туралы айтып берді, Қазақстан туралы бейнеролик көрсетті және «Қара жорға» қазақ халық биін орындады.

Әзірбайжан оқушылары Қазақстан мәдениетін ашады

Сонымен бірге іс-шара аясында Астана қаласының № 26 мектеп-гимназиясының оқушыларымен бейнеқоңырау өтті. Бейнебайланыс барысында қазақ оқушылары әзербайжан балаларына сәлем беріп, оларға қазақ күйін арнады.

Источник: dknews.kz