үй Әлем жаңалықтары Қазақстанның Елшісі Женева кантонының Президентімен кездесті

Қазақстанның Елшісі Женева кантонының Президентімен кездесті

8
0

278 Арман

Қазақстанның Елшісі Женева кантонының Президентімен кездесті

Қазақстанның Швейцария Конфедерациясындағы елшісі Қайрат Саржанов Женева кантонының Президенті Мауро Поджиямен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Ізеттілік сапар аясында елші Қ.Саржанов Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси өзгерістер туралы, атап айтқанда өткен парламенттік сайлаудың нәтижелері туралы хабардар етті. Ол саяси диалогты дамытудағы Қазақстан-Швейцария қатынастарының тұрақтылығын, Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2021 жылғы қарашада Женеваға сапарын еске ала отырып, екі ел арасындағы ресми іс-шаралар аясындағы ұйымдастырушылық аспектілердің маңыздылығын атап өтті.

Тараптар сауда-экономикалық әріптестік мәселелерін талқылап, ынтымақтастық перспективаларына, оның ішінде швейцариялық компаниялардың қазақстандық Астана халықаралық қаржы орталығымен (АХҚО) өзара іс-қимылына, сондай-ақ білім және мәдениет саласындағы нақты жобаларға назар аударды.

М.Поджия Қазақстанның демократиялық жетістіктерінің маңыздылығын атап өтті, елге алдағы жоспарларды іске асыруда табыс тіледі және Қазақстан мен кантон арасындағы екіжақты байланыстарды тереңдетуге дайындығын білдірді.

Источник: dknews.kz