59 Арман
Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин елдің жетекші университеті – Каид-е-Азам университетінде болып, студенттер мен оқытушыларға Қазақстан және екі ел арасындағы екіжақты қарым-қатынастар туралы дәріс оқыды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Дәріс барысында Қазақстан Елшісі Қазақстанның тәуелсіздік кезеңіндегі халықаралық бастамалары мен жетістіктері туралы айтып, Қазақстан-Пәкістан ынтымақтастығының даму аспектілеріне жеке тоқталды.
Сонымен қатар, Е.Қыстафин екіжақты және көпжақты форматтағы екі мемлекеттің сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және білім беру салаларындағы ынтымақтастығын дамытудың тарихы мен қазіргі жағдайына қатысты сұрақтарға жауап берді.
Елші Каид-е-Азам университетінің тарих факультетінің профессоры, доктор Разия Султанаға шақырғаны және іс-шараны ұйымдастырғаны үшін алғысын білдіреді.
Источник: dknews.kz