44 Арман
Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Уәлихан Төреханов 2022 жылғы Елшілік жұмысының қорытындыларына арналған дөңгелек үстел өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.
Іс-шараға Тәжікстанның белгілі саясаттанушылар мен сарапшылар, ғылыми-мәдени топтарының, бұқаралық ақпарат құралдарының және қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.
Өз сөзінде Елші У.Төреханов Қазақстандағы болып отырған өзгерістер мен әлеуметтік-экономикалық нәтижелер, сондай-ақ екіжақты қазақ-тәжік қатынастарының жағдайы мен перспективалары туралы айтып берді.
Сондай-ақ Қазақстан мен Тәжікстан дипломатиялық қатынастарының 30 жылдығына орай 2023 жылы жоспарланған іс-шаралар туралы хабардар етті.
Источник: dknews.kz