үй Әлем жаңалықтары Қазақстанның реформалары мен бастамалары Венадағы халықаралық ұйымдардың назарында

Қазақстанның реформалары мен бастамалары Венадағы халықаралық ұйымдардың назарында

11
0

916 Awrora

Қазақстанның реформалары мен бастамалары Венадағы халықаралық ұйымдардың назарында

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров өзінің жұмыс сапары барысында Венада аккредиттелген халықаралық ұйымдардың басшыларымен бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстандық дипломат БҰҰ-ның Венадағы бөлімшесінің және БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының (БҰҰ ЕҚБ) басшысы Ғада Уәлиге еліміздегі ұлттық және өңірлік жобаларды, әсіресе полиция реформасы және киберқылмысқа қарсы іс-қимыл саласындағы жобаларды іске асырғаны үшін алғысын білдірді.

Қазақстанның реформалары мен бастамалары Венадағы халықаралық ұйымдардың назарында

Өз тарапынан Ғ. Уәли дамуға жәрдемдесу бағдарламаларының ауқымды күн тәртібін ілгерілетудегі Қазақстанның өңірдегі жетекші рөлін атап өтті. Осы ретте, ол БҰҰ ЕҚБ мен KazAID қазақстандық халықаралық даму агенттігі арасында Қырғызстандағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру және жастардың әлеуетін дамыту жөніндегі жаһандық бастаманың (GRACE) жобаларын іске асырудағы ынтымақтастығы үшін алғысын білдірді.

Қазақстанның реформалары мен бастамалары Венадағы халықаралық ұйымдардың назарында

Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарты ұйымының (ЯСЖТШҰ) Атқарушы хатшысы Роберт Флойдпен сұхбат барысында тараптар Қазақстан мен ЯСЖТШҰ арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтіп, Халықаралық мониторинг жүйесіндегі қазақстандық сегментін одан әрі дамыту және Қазақстанда бірлескен ғылыми-техникалық іс-шараларды ұйымдастыру мүмкіндіктерін талқылады.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Бас хатшысы Хельга Шмидпен кездесуде Қазақстан мен Ұйым арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективалары талқыланды. Министрдің бірінші орынбасары әңгімелесушіге ЕҚЫҰ мен Парламенттік ассамблея сарапшыларының ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына байқау жүргізуге белсенді қатысуы үшін ризашылығын жеткізді. Сонымен қатар, Қ. Омаров Бас хатшыға ҚР Сыртқы істер министрінің атынан биыл 8-9 маусымда өтетін Астана халықаралық форумына қатысуға шақырды.

Қазақстанның реформалары мен бастамалары Венадағы халықаралық ұйымдардың назарында

Халықаралық ұйымдардың басшылары еліміздегі саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің жаңа бағытын толықтай қолдай отырып, халықаралық қоғамдастықтың Қазақстан Президенті жүзеге асырып жатқан демократиялық реформаларға елеулі қызығушылығын танытып отырғанын және 2023 жылғы 19 наурызда өтетін парламенттік сайлауды сәтті өткізуге тілектес болды.

Венаға сапары аясында Қ. Омаров «Salzburger Nachrichten» жетекші газетіне Қазақстандағы реформалар мен алдағы парламенттік сайлау, сондай-ақ еліміздің өзекті халықаралық мәселелер жөніндегі ұстанымдары туралы сұхбат берді.

Источник: dknews.kz