үй Әлем жаңалықтары Дүниежүзілік ислам лигасы Қазақстанмен ынтымақтастыққа мүдделі

Дүниежүзілік ислам лигасы Қазақстанмен ынтымақтастыққа мүдделі

13
0

468 Арман

Дүниежүзілік ислам лигасы Қазақстанмен ынтымақтастыққа мүдделі

Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Берік Арын Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы Шейх Мұхаммед Абдулкарим Әл-Иссамен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кездесуде тараптар Қазақстан мен Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшылығы арасындағы өзара іс-қимыл, оның ішінде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі шеңберінде дінаралық және конфессияаралық диалогты нығайту мәселелерін талқылады.

Шейх Мұхаммед Әл-Исса түрлі діндер өкілдері арасындағы диалогты жолға қоюда, толеранттылық пен бейбіт қатар өмір сүру мәдениетін ілгерілетуде Қазақстанның жетекші рөлін атап өтті және Лиганың Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі шеңберінде ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделілігін растады.

Сұхбат барысында Б. Арын Бас хатшыны Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әділетті Қазақстанды құру жөніндегі бағдарының негізгі бағыттары туралы, оның ішінде кешенді әлеуметтік-саяси қайта құрулар мен конституциялық түзетулерді іске асырудың негізгі аспектілері туралы, сондай-ақ ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының өткен сайлауының қорытындылары туралы хабардар етті.

Анықтама: Дүниежүзілік ислам лигасы – 1962 жылы Сауд Арабиясының бастамасымен құрылған, құрылтай кеңесіне барлық ислам елдерінің өкілдері кіретін ең ірі халықаралық үкіметтік емес ұйым. Ұйымның қызметі бүкіл әлемдегі исламның шынайы құндылықтарын және оның толеранттық принциптерін ұсынуға, гуманитарлық көмек көрсетуге, дінаралық, мәдениетаралық және өркениетаралық диалог орнатуға, сондай-ақ халықтар арасындағы достық пен келісімді нығайтуға бағытталған.

Лига басшылығы мен өкілдері Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің жұмысына, оның Хатшылығының отырыстарына тұрақты негізде белсенді қатысып, форумның мақсаттары мен міндеттерін ілгерілетуге елеулі үлес қосуда.

Источник: dknews.kz