үй Әлем жаңалықтары Ұлттық Банктің ғылыми конференциясы: жаңа экономикалық шындықтың сын-қатерлері

Ұлттық Банктің ғылыми конференциясы: жаңа экономикалық шындықтың сын-қатерлері

32
0

1115 Арман

Ұлттық Банктің ғылыми конференциясы: жаңа экономикалық шындықтың сын-қатерлері

Алматыда Қазақстан Ұлттық Банкінің «Ақша кредит саясатының стратегиялық мәселелері. Жаңа экономикалық сын-қатерлер» тақырыбында ІІІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды DKNews.kz.

Ұлттық Банктің ғылыми конференциясы: жаңа экономикалық шындықтың сын-қатерлері

Конференция жұмысына экономика саласындағы тәуелсіз сарапшылар, сондай-ақ, Қазақстан Ұлттық Банкінің, академиялық қауымдастықтың, зерттеу орталықтарының, қаржылық және халықаралық ұйымдардың, мемлекеттік институттардың өкілдері қатысуда.

«Соңғы жылдары біз аса жоғары белгісіздік пен құбылмалылық жағдайында өмір сүріп, шешім қабылдауға мәжбүрміз. Ондаған жылдар бойы қалыптасқан экономикалық байланыс пен сауда құрылымы түбегейлі өзгерді. Бұл жаңа экономикалық шынайылық оңтайлы ақша-кредит саясатын жүргізуде бірлесе жұмыс жүргізуді талап етеді. Осыған байланысты біз жаңа сын-тегеуріндерге инфляцияның мақсатты бағдарларының сәйкестігін талқыласақ дейміз» ҚҰБ Төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов

Ұлттық Банктің ғылыми конференциясы: жаңа экономикалық шындықтың сын-қатерлері

Іс-шара барысында Ұлттық Банк пен академиялық қауымдастықтың өкілдері конференция қатысушыларына ортамерзімді кезеңдегі тұтынушылық бағаның динамикасы бойынша мәліметтерді, инфляция бойынша мақсатты бағдарларды белгілеу және оған қол жеткізу бойынша зерттеулер қорытындысын таныстырды. Тәуелсіз сарапшылар инфляцияның оңтайлы таргетін анықтау және оны тұрақтандыру бойынша монетарлық саясат жүргізуге қатысты өз пайымдарын ортаға салды.

«Жалпылай айтқанда, экономистер мен болжаушылардың пікірі инфляция түсе бастайды деген ортақ тұжырымға келеді. Бұл өз кезегінде ақша-кредит саясатының шаралары дұрыс таңдалғанын көрсетеді. Базалық мөлшерлемені төмендетуге қатысты қажеттілік инфляция 13%-12%-ға дейін төмендегенде ғана өзекті бола алады» Халықаралық валюта қорының Кавказ, Орталық Азия және Моңғолия елдері үшін әлеуетті дамытудың өңірлік орталығының экономисі Нұрдәулет Әбілов

Конферанцияда ақша-кредит саясатының ұзақмерзімді стратегиясы, жаһандық трендтер мен оның Қазақстандағы инфляциялық үдерістерге ықпалы, ішкі инфляция факторлары, Қазақстандағы ақша-кредит, фискалдық және макропруденциялық саясаттың өзара әрекет етуі талқыланады.

Источник: dknews.kz