үй Әлем жаңалықтары Сарапшылар жаһандық трендтерді және олардың Қазақстандағы инфляциялық процестерге әсерін талқылайды

Сарапшылар жаһандық трендтерді және олардың Қазақстандағы инфляциялық процестерге әсерін талқылайды

43
0

1094 Арман

Сарапшылар жаһандық трендтерді және олардың Қазақстандағы инфляциялық процестерге әсерін талқылайды

Ұлттық Банктің «Ақша-кредит саясатының стратегиялық мәселелері. Жаңа экономикалық сын-қатерлер» III халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында көргенімізге қуаныштымыз! Бұл конференция атаулы мерейтой жылы өткізіліп отыр, биыл ұлттық валюта – теңгенің айналымға енгізілгеніне 30 жыл толады.

Конференция – біздің экономикамыз бен ақша-кредит саясатымыздың алдында тұрған сын-қатерлерді талқылау үшін маңызды оқиға және маңызды диалог алаңы.

Жемісті және қызықты пікірталас жүргізіп, пікір алмасу үшін біз экономика мен қаржы саласындағы тәуелсіз сарапшыларды, академиялық қоғамдастықтың, зерттеу орталықтарының, қаржы ұйымдары мен халықаралық ұйымдардың, сондай-ақ мемлекеттік институттардың өкілдерін шақырдық.

Конференцияның бағдарламасы ақша-кредит саясаты мәселелерінің өзекті сұрақтарына байланысты қалыптастырылды.

Біздің бірінші сессиямыз – Қазақстан үшін инфляция бойынша нысаналы бағдардың оңтайлы деңгейін бағалау және анықтау.

Сарапшылар жаһандық трендтерді және олардың Қазақстандағы инфляциялық процестерге әсерін талқылайды

Былтыр бұрын-соңды болмаған күтпеген өзгерістер жағдайында біз Ұлттық Банктің стратегиялық жоспарында инфляцияның нысаналы мәндерінің ішкі экономикадағы және өзгермелі сыртқы ортадағы жағдайларға сәйкестігін бағалауды белгіледік.

Ақша-кредит саясатына шолу жүргізу қажеттілігі бүкіл әлемде тап болған оқиғаларға байланысты. Covid-19 пандемиясының теріс салдары, логистикалық тізбектегі үзілістер мен шектеулі ұсыныс аясында кейіннен орын алған фискалдық және монетарлық ынталандыру инфляция кеңінен жеделдеуіне әкелді.

2022 жылы геосаяси тәуекелдің басталуы онсыз да шиеленісті экономикалық жағдайды ушықтырды және даму дәрежесіне қарамастан, барлық елде инфляцияның рекордты өсуіне әкелді.

Проциклдік фискалдық саясат, экономиканың теңгерімсіз құрылымы кезінде эмиссиялық қаржыландыру түріндегі ішкі проинфляциялық факторлар инфляцияның рекордты жеделдеуіне қолайлы негіз болды.

Соңғы жылдары біз жоғары құбылмалылық пен белгісіздік жағдайында өмір сүріп, шешім қабылдап келеміз. Ондаған жылдар бойы қалыптасқан экономикалық байланыстар өзгеріп отыр. Сауда құрылымы өзгерді. Бұл жаңа экономикалық шындық оңтайлы ақша-кредит саясатын жүргізу үшін дайын болуды қажет етеді.

Осыған байланысты, біз инфляцияның нысаналы бағдарларының қалыптасып отырған сын-қатерлерге сәйкестігін талқылап, жағдайды, біздің міндеттерімізді тұжырымдауды және Ақша-кредит саясатының стратегиясында белгіленген инфляция бойынша
2025 жылдан бастап 3-4%-ық орта мерзімді мақсатқа қол жеткізуді бағалағымыз келеді.

Макроэкономикалық үйлестіру де конференцияның негізгі тақырыбы болып табылады. Біз мақсаттарымызға үйлесімді түрде қол жеткізу үшін басқа мемлекеттік органдармен тиімді өзара іс-қимылдың маңыздылығын мойындаймыз. Бюджет ережесін қолдану бойынша өзара іс-қимыл аса маңызды.

Сарапшылар жаһандық трендтерді және олардың Қазақстандағы инфляциялық процестерге әсерін талқылайды

Біз саяси шешімдеріміз ақылға қонымды экономикалық қағидаттарға негізделуін, деректер мен дәлелдерді қамтуын қамтамасыз етуіміз қажет. Сондықтан біз әріптестеріміз бен сыртқы сарапшыларды алда тұрған сын-қатерлер жағдайында, үздік макроэкономикалық үйлестіруге қалай қол жеткізуге болатындығы туралы өз пікірлерімен бөлісуге шақырдық.

Қазақстандағы инфляция факторлары –қорытындылаушы сессия болады. Бағаның өсу себебі мен факторларын ұғынбай оңтайлы таргетті бағалау және айқындау мүмкін емес. Инфляцияның негізгі себептерін түсіну оны төмендету тиісті шараларды әзірлеу үшін аса маңызды. 

Бұл іс-шара біздің алдағы жұмысымызға іргелі негіз болмақ.

Сарапшылар жаһандық трендтерді және олардың Қазақстандағы инфляциялық процестерге әсерін талқылайды

Ұлттық Банк ашық ақша-кредит саясатын жүргізуді ұстанады және транспарентті шешімдерге бой түзейді. Біз үшін қоғаммен, сарапшылармен, ғылыми қызметкерлермен және мемлекеттік органдармен диалогта болу маңызды.

Ғылыми нәтижелер, идеялар, ескертулер мен ұсынымдар бізге ақша-кредит саясатының келер жылдарға және орта мерзімді перспективаға арналған стратегиясын дұрыс қалыптастыруға және нақтылауға көмек болатынына сенімдімін.

Ақылжан Баймағамбетов, ҚРҰБ Төрағасының орынбасары

Источник: dknews.kz