үй Әлем жаңалықтары ҚР ИИДМ басшысы Марат Қарабаев ресейлік әріптестерімен кездесті

ҚР ИИДМ басшысы Марат Қарабаев ресейлік әріптестерімен кездесті

18
0

378 Awrora

ҚР ИИДМ басшысы Марат Қарабаев ресейлік әріптестерімен кездесті

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Мәскеуге жасаған жұмыс сапарында көршілес мемлекеттің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі министрі Ирек Файзуллинмен, РФ Көлік министрі Виталий Савельевпен және Ресей Федерациясының Энергетика министрі Николай Шульгиновпен кездесті. Жұмыс сапары барысында Марат Кәрімжанұлы сондай-ақ РФ үкімет төрағасының орынбасары – РФ Өнеркәсіп және сауда министрі Денис Мантуровпен де кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды DKNews.kz.

ҚР ИИДМ басшысы Марат Қарабаев ресейлік әріптестерімен кездесті

Ресей Федерациясының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі министрі И.Файзуллинмен кездесуде сәулет, қала құрылысы және тұтастай құрылыс саласын дамыту, сондай-ақ құрылысты цифрландыру, ипотекалық несиелеу және мемлекеттік сараптама саласындағы ынтымақтастық  мәселелері қаралды.

ҚР ИИДМ басшысы Марат Қарабаев ресейлік әріптестерімен кездесті

Әсіресе Марат Қарабаев сейсмикаға төзімді құрылыс саласындағы нормалар мен ережелерді біріздендіруге ерекше тоқталды. Министрдің айтуынша, осы ынтымақтастықтың аясында ТМД ғалымдары Орталық Азияның құрылыс нормаларында сейсмикаға төзімділік талаптарын жетілдіру бойынша тәуекел картасын әзірлеуге арналған зерттеулерді жүргізіп келеді. Бұл зерттеудің деректері жер қыртысындағы жарылған жерлерді анықтап, тектоникалық қозғалыстар мен Орталық Азия елдері аумағындағы сейсмикалық қауіпті аймақтарында есептеу жүргізіп, осы ақпаратты бірлесіп талдау үшін пайдаланылмақ.

Сондай-ақ Ресейдің астанасына барған іссапарында ведомство басшысы Марат Қарабаев РФ Көлік министрі Виталий Савельевпен де кездесті. Оның барысында Қазақстан мен Ресейдің автокөлік саласындағы ынтымақтастығын дамыту, сондай-ақ жүк әрі жолаушылар автотасымалы бағытындағы екіжақты үкіметаралық келісім жобасын дайындау мәселелері қаралды.

ҚР ИИДМ басшысы Марат Қарабаев ресейлік әріптестерімен кездесті

Бұдан басқа цифрлы тахографтарды пайдалану, екі мемлекеттің шекарасындағы өткізу пункттерін жаңғырту және «Солтүстік-Оңтүстік», «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» мен «Меридиан» көлік дәліздерін дамыту, сондай-ақ ресейлік тасымалдаушылардың еліміздің аумағына жүктерді қайта тіркеу (қайта тиеу) арқылы тасымал жұмыстарын үйлестіру сынды мәселелер қаузалды.

Сондай-ақ бұл күні ҚР ИИДМ басшысы Ресей Федерациясының Энергетика министрі Николай Шульгиновпен кездесті. Тараптар битум жеткізу мәселелерін талқылап, энергетика саласындағы ынтымақтастық екіжақты қатынастардың негізгі бағыттарының бірі екенін атап өтті.

ҚР ИИДМ басшысы Марат Қарабаев ресейлік әріптестерімен кездесті

Жұмыс сапары барысында Марат Кәрімжанұлы РФ үкімет төрағасының орынбасары – РФ Өнеркәсіп және сауда министрі Денис Мантуровпен де кездесу өткізеді. Қазір өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық екі ел арасындағы экономикалық байланыстың негізгі бағыты саналатынын айта кету керек.

Источник: dknews.kz