үй Әлем жаңалықтары Сербияда мектеп оқушысы атыс шығарды

Сербияда мектеп оқушысы атыс шығарды

12
0


                Сербияда мектеп оқушысы атыс шығарды

Фото: ғаламтордан

Сербия астанасы Белградта 14 жастағы мектеп оқушысы атыс шығарды. 

Алматы, NEGE. «Вечерне Новости» басылымының хабарлауынша, жетінші сынып оқушысы есірткіге тәуелді болған. Одан екі тапанша мен Молотов коктейльдері бар рюкзак анықталған. 

Мектептегі атыстан кем дегенде тоғыз адам қаза тапқаны айтылып жатыр. Оқиға куәгерлері 9 оқушы мен күзетшінің қайтыс болғанын хабарлаған. Ата-аналар тағы 16 баланың жарақат алғанын мәлімдеді. Басынан ауыр жарақат алған оқушылардың бірі ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Тағы екеуі оқ жарақатын алды.

Источник: nege.kz