үй Әлем жаңалықтары Тұрғын үйге қолжетімділік бойынша Қазақстан Азияның 40 елінің арасында 13-ші, әлемнің 113...

Тұрғын үйге қолжетімділік бойынша Қазақстан Азияның 40 елінің арасында 13-ші, әлемнің 113 елі арасында 33-орында

41
0

291 Арман

Тұрғын үйге қолжетімділік бойынша Қазақстан Азияның 40 елінің арасында 13-ші, әлемнің 113 елі арасында 33-орында

Фотосурет: СР

ҚР-дағы тұрғын үйге қолжетімділік көрсеткіштері Numbeo сарапшыларының рейтингі бойынша өте жақсы: Азияның 40 елі арасында 13-орын және әлемнің 113 елі арасында 33-орын.

Рейтинг пәтер құны мен отбасының орташа жылдық табысының арақатынасына негізделген, ол «таза» жалақыға байланысты. Салыстыру үшін: Өзбекстан бұл рейтингте небәрі 75-орынға тұрақтаса, Ресей – 88-орында, Беларусь – 90-орында. Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері сияқты мұнай мен газға бай елдер рейтинг басында, ал Сирия соңында.

Дегенмен, ҚР-дағы 33-орын әлі де болса тұрғын үй алу мүмкіндігінің жеткіліксіз екенін көрсетеді. Мысалы, РИА рейтингі бойынша Еуропаның 33 елінің арасында Қазақстан жан басына шаққандағы ипотекалық несиелер көрсеткіші төмен (Украинаны есептемегенде), дегенмен ипотекалық нарықтың даму қарқыны басқа елдермен салыстырғанда жоғары.

Мұны біздің талдауларымыз да растап отыр, жалпы Қазақстанда коммерциялық ипотекалық несиелер халық үшін тым қымбат. Қазіргі уақытта тұрғын үй мәселесінің оңтайлы шешімі — тұрғын үй жинақтары жүйесімен жинақтау және одан кейінгі қолжетімді ипотека. ТҚЖ жүйесі бойынша ипотекалық несиелер нарықтағы ең төменгі мөлшерлемелер бойынша қол жетімді: аралық несие үшін ЖТСМ 7,4% және ипотекалық несие үшін ЖТСМ 3,6%. Бүгінгі таңда ҚР нарығында ТҚЖ жүйесін бір ғана қаржы институты — Отбасы банкі жүзеге асырады.

Тұрғын үйге қолжетімділік бойынша Қазақстан Азияның 40 елінің арасында 13-ші, әлемнің 113 елі арасында 33-орында

Сонымен қатар, ҚР-дағы жылжымайтын мүлік құны жалпы өте қолжетімді болып отыр. Numbeo-ның қала орталығындағы пәтер құны бойынша елдер рейтингінде Қазақстан шаршы метріне 1000 АҚШ долларын құрайтын көрсеткішпен 104 елдің арасында 11-орынды иеленді.

Салыстыру үшін: Өзбекстан 14-ші, Беларусь 37-ші, Армения 60-шы, Ресей 70-орында. Рейтинг басында Египет, Пәкістан және Венесуэла, соңында Гонконг (Қытай).

Тұрғын үйге қолжетімділік бойынша Қазақстан Азияның 40 елінің арасында 13-ші, әлемнің 113 елі арасында 33-орында

ҚРСЖРА Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ҚР-да биылғы қарашада жаңа тұрғын үйлердің бағасы шаршы метріне 435,9 мың теңгені құрады (бір жылда 17,3% қымбаттаған), ал қайталама нарықтағы пәтерлердің құны шаршы метріне 489,7 мың теңге (26,9% өскен).

Өткен қарашада бағаның өсуі жаңа баспанаға 15,2%, қайталама нарыққа 23,1% болды.

Тұрғын үйге қолжетімділік бойынша Қазақстан Азияның 40 елінің арасында 13-ші, әлемнің 113 елі арасында 33-орында

Тұрғын үй сегментіндегі бағаның айтарлықтай өскенінің өзінде біз ҚР-дағы пәтерлер әлемдік өлшеммен салыстырмалы түрде арзан екенін байқаймыз. ҚР-дағы тұрғын үй, бұрын жазғанымыздай, бүгінде айтарлықтай қолжетімді және сонымен бірге өте пайдалы инвестиция және ипотекалық несие нарығында жұмыс істейтін тетіктер қалаған үйді сатып алуға мүмкіндік береді.

Источник: dknews.kz