үй Әлем жаңалықтары Тамара Дүйсенова АҚШ Елшісі Дэниел Розенблюммен кездесті

Тамара Дүйсенова АҚШ Елшісі Дэниел Розенблюммен кездесті

0

350 Awrora

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дэниел Розенблюммен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар адам саудасына қарсы іс-қимыл және адам саудасының құрбаны болған адамдарға қызмет көрсету, кәсіподақтар қызметі саласындағы мәселелерді талқылады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кездесу басында Тамара Дүйсенова Даниэль Розенблюмді Қазақстандағы елші лауазымына тағайындалуымен құттықтап, Қазақстан-Америка қатынастарын нығайтуды жалғастыруда табыс тіледі.

Ол Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының екіжақты өзара іс-қимылының жан-жақтылығын және қолданыстағы кеңейтілген стратегиялық әріптестіктің тиімділігін атап өтті.

Министр елшіні Қазақстанда адам саудасына қарсы іс-қимыл және адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.

Тамара Дүйсенова сондай-ақ Дэниел Розенблюмге Министрліктің кәсіподақтарға қатысты ұлттық заңнаманы және құқық қолдану практикасын жетілдіру қызметі туралы, оның ішінде халықаралық еңбек ұйымының ұсынымдарын ескере отырып айтып берді.

Өз кезегінде Даниэль Розенблум адам саудасының құрбаны болған адамдарды қолдау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасын атап өтті. АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі ҚР Үкіметінің кәсіптік одақтар институтын дамытудағы қызметін жоғары бағалады.

Источник: dknews.kz

Exit mobile version