үй Әлем жаңалықтары Тоқаев АҚШ-пен өзара ықпалдастықтың маңыздылығын атап өтті

Тоқаев АҚШ-пен өзара ықпалдастықтың маңыздылығын атап өтті

75
0

1474

Тоқаев АҚШ-пен өзара ықпалдастықтың маңыздылығын атап өтті

Фотосурет: Ақорда

Мемлекет басшысы АҚШ Сауда министрімен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Мемлекет басшысы мен АҚШ Сауда министрі Говард Латник екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың кең көлемді мәселелерін қарастырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз Америка Құрама Штаттарымен ықпалдастықты дамытуға ерекше мән беретінін атап өтті. АҚШ еліміздің негізгі инвестициялық серіктестерінің бірі саналады.

Тоқаев АҚШ-пен өзара ықпалдастықтың маңыздылығын атап өтті

Президент Қазақстанда шетелдік инвесторларға қолайлы жағдай жасалғанын айтты. Мемлекет басшысы елімізде америкалық бизнес үшін энергетика, көлік-логистика, цифрландыру, ауыл шаруашылығы салаларында үлкен мүмкіндік бар екенін жеткізді. 

Говард Латник Құрама Штаттардың Қазақстанмен сауда-экономикалық, индустриалдық, көлік-логистикалық және инвестициялық салаларда бірлескен жобаларды одан әрі дамытуға қызығушылық танытатынына тоқталды.

Ақорда Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан және АҚШ Сауда-экономикалық әріптестік Халықаралық ынтымақтастық

Источник: dknews.kz