үй Қазақстан жаңалықтары Ақтөбелік ұландықтар жүлдемен оралды

Ақтөбелік ұландықтар жүлдемен оралды

48
0

237 Awrora

Ақтөбелік ұландықтар жүлдемен оралды

Фотосурет: ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

2024 жылдың 18-21 сәуір күндері аралығында Семей қаласындағы «Жақсылық Үшкемпіров» атындағы спорт кешенінде ересектер мен әйелдер арасында  спорттық және жауынгерлік самбо спортынан Қазақстан Республикасының чемпионаты өткізілді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Аталмыш бұл сайыста еліміздің барлық өңірлерінің үздік спортшылары өз бақтарын сынады.  Олардың арасында Азия, Еуропа, Әлем чемпионатарының жеңімпаздары да бар.

Сондай-ақ, аталмыш бұл сайыста Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Ақтөбе қаласында орналасқан 6655 әскери бөлімінің қызметкерлері де қатысқан болатын. Жауынгерлік самбо сайысынан өз бағын сынаған Тұрымбетов Арман Нағашбайұлы 58 салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, тек ақтық сынды өз қарсыласына есе жіберіп жүлделі екінші орын иеленді. Ал, спорттық самбо сайысынан бақ сынасқан Қойшыбаев Еламан 88 салмақ дәрежесінде ел чемпионы атанды.

Ақтөбелік ұландықтар жүлдемен оралды

Сонымен қатар дәл осы салмақта өнер көрсеткен Қуанов Азат жүлделі үшінші орынды қанағат тұтты. Атап өтер жайт, аталмыш бұл сайыс алдағы уақытта Астана қаласында өтетін әлем чемпионатына іріктеу сайысы болған болатын. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған спортшыларға кубок, грамота, медальдар мен қатар бағалы сыйлықтар табысталған болатын.

Источник: dknews.kz