үй Қазақстан жаңалықтары Экономика 2022 жылы ЕАЭО елдерінен Қазақстанға әкелінген импорт құны 13 млрд доллардан асты

2022 жылы ЕАЭО елдерінен Қазақстанға әкелінген импорт құны 13 млрд доллардан асты

15
0


                2022 жылы ЕАЭО елдерінен Қазақстанға әкелінген импорт құны 13 млрд доллардан асты

Фото: ғаламтордан

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов ЕАЭО аясындағы тауар айналымы бойынша негізгі статистикалық көрсеткіштерді жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астана, NEGE. «Бүгінгі таңда Қазақстан халықаралық сауданың толыққанды қатысушысы болып отыр. 2015 жылдан бастап Дүниежүзілік сауда ұйымының, Еуразиялық экономикалық одақтың мүшесі, сондай-ақ еркін сауда туралы бірқатар екіжақты және көпжақты келісімдер жасасты. Тамақ өнімдері мен азық-түлік тауарларының негізгі импорты ЕАЭО және ТМД елдерінен келеді. ЕАЭО шеңберінде мүше мемлекеттер өзара саудада шектеулер мен кедендік баждарды қолданбайды. ТМД елдері арасындағы сауда 2011 жылғы ТМД-ның еркін сауда аймағы туралы шарт шеңберінде импорттық баж салығынсыз жүзеге асырылады», — делінген Әлихан Смайыловтың депутаттық сауалында берілген жауабында.
Оның айтуынша, Қазақстанға ОА және ЕАЭО елдерінің аумағынан әкелінетін өнімнің түпкілікті құнына әсер ететін кедендік шығындар жоқ. Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, 2021 жылы 4,9 млн АҚШ доллары сомасына мал және өсімдік өнімдері импортталды, оның 70,4%-ы ТМД елдерінен келген.
2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте Қазақстан мен ЕАЭО елдері арасындағы тауар айналымы 19,9 млрд АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен (18,9 млрд АҚШ доллары) салыстырғанда 5,1% — ға жоғары.
2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте Қазақстаннан ЕАЭО елдеріне жіберілген экспорт 14,3%-ға өсіп, 6,5 млрд АҚШ долларын құрады. ЕАЭО елдерінен Қазақстанға әкелінген импорт 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте 1,2%-ға артып, 13,3 млрд АҚШ долларына жетті.

Источник: nege.kz