үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Ақтөбеде Қаңтар бойынша айыпталған 18 адамның сот тергеуі аяқталып, жарыссөз күні белгіленді

Ақтөбеде Қаңтар бойынша айыпталған 18 адамның сот тергеуі аяқталып, жарыссөз күні белгіленді

87
0


Ақтөбеде Қаңтар бойынша айыпталған 18 адамның сот тергеуі аяқталып, жарыссөз күні белгіленді

ЖАҢАЛЫҚТАР Ақтөбеде Қаңтар бойынша айыпталған 18 адамның сот тергеуі аяқталып, жарыссөз күні белгіленді

Адвокат Күләш Манько Қаңтар оқиғасына байланысты 18 адамның сотында сұрақ қойып тұр. Ақтөбе, 19 қазан 2022 жыл. Бөлісу

  Ақтөбеде Қаңтар бойынша айыпталған 18 адамның сот тергеуі аяқталып, жарыссөз күні белгіленді Бөлісіңіз

10 қаңтар күні Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қаңтар оқиғасына байланысты айыпталған 18 адамның сот тергеуі аяқталды.

Судья Нұрлан Бақтығалиев сот тергеуі аяқталған бойы жарыссөзге көшуді ұсынды. Алайда мемлекеттік айыптаушылар сот жарыссөзіне дайындалу үшін уақыт сұрады. Жарыссөзі алдағы бейсенбі, 12 қаңтарға белгіленді.

Бүгін 10 қаңтар күнгі сот отырысына сотталушылар толық қатысты. Бұған дейінгі отырыста сотталушы Дархан Қамиға іздеу жарияланған. "Ешқайда кетпейтіні туралы" қолхатпен бостандықта жүрген Дархан Қами желтоқсан айында сотқа келмеген. Судья Бақтығалиев сотталушы Дархан Қамиды тергеу изоляторына қамауға алу туралы қаулы шығарған.

Адвокат Қанат Тұрғанбаевтың сөзінше, Дархан Қами өзінің туған жері Шұбарқұдық кентінде жүрген.

Осылайша тергеу изоляторында қамауда отырған сотталушылар бес адам болды. "Жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды", "Қару-жарақ ұрлады", "Билік өкіліне күш көрсетті" деп айыпталған Ернұр Әжниязов, Нұрбек Мұхит пен Нұрсұлтан Исаев 2022 жылғы қаңтар айынан яғни, бір жылдан бері тергеу изоляторында отыр.

Источник: www.azattyq.org