үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Атырауда Қаңтарға байланысты айыпталған 27 адам «процессуалдық келісім жасасуды сұрады»

Атырауда Қаңтарға байланысты айыпталған 27 адам «процессуалдық келісім жасасуды сұрады»

75
0


Атырауда Қаңтарға байланысты айыпталған 27 адам "процессуалдық келісім жасасуды сұрады"

ЖАҢАЛЫҚТАР Атырауда Қаңтарға байланысты айыпталған 27 адам "процессуалдық келісім жасасуды сұрады"

Атыраудағы сот Қаңтар оқиғасы бойынша айыпталған 27 адамның ісін қарап жатқан сәт. 27 желтоқсан 2022 жыл Бөлісу

  Атырауда Қаңтарға байланысты айыпталған 27 адам "процессуалдық келісім жасасуды сұрады" Бөлісіңіз

10 қаңтарда Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қаңтар оқиғасына байланысты айыпталған 27 адам прокурормен процессуалдық келісім жасасуға өтініш берді.

Олар сотта "кінәларын мойындайтынын", "дәлелдерді дауламайтынын" айтып, судьядан прокурормен процессуалдық келісім жүргізуге уақыт сұрап, өтініш тапсырды.

Судья Зарема Хамидуллина олардың бәрінен "өтінішті өз еріктеріңізбен жаздыңыздар ма?" деп сұрады. Айыпталушылар "мұндай қадамға өз еріктерімен, ешкімнің қысымынсыз барғандарын" айтты.

Арасында жәбірленушілерден кешірім сұрап, татуласқанын да айтқандар болды.

4 қаңтардағы отырыста 27 адамға қатысты жаңа айыптау актісі оқылып, айыпталушылардың айыбы жеңілдеген еді. Оларға басында "Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу", "Билік өкіліне күш қолдану", "Қаруды заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау", "Қаруды жымқыру", "Ұрлық", "Тонау", "Көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу", "Құжаттарды заңсыз алып қою, бүлдіру" айыптары тағылған.

Жаңа айыптау актісіне сәйкес, Оралбек Айсин, Ринат Әбішев, Дулат Бекжановтың айыбы "аса ауыр қылмыс" санатынын "ауыр қылмыс" санатына түсірілді. Көбінің айыбы "жәбірленушінің денсаулығына қауіпті күш қолдану" айыбынан "денсаулығына қауіпті емес күш қолдану" айыбына ауыстырылды.

“Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу", "Құжаттарды заңсыз алып қою, бүлдіру", "Ұрлау", "Тонау", "Билік өкілінің өміріне қол сұқты" деген айыптар алынып тасталды.

Айыпталушылар мен жәбірленушілер сотта жаңа айыптау актісімен келіскен.

Источник: www.azattyq.org