үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Қазақстандық миллиардер Кеңес Рақышевтың Мәскеу маңындағы үйі сатылымға қойылғаны хабарланды

Қазақстандық миллиардер Кеңес Рақышевтың Мәскеу маңындағы үйі сатылымға қойылғаны хабарланды

18
0


Қазақстандық миллиардер Кеңес Рақышевтың Мәскеу маңындағы үйі сатылымға қойылғаны хабарланды

ЖАҢАЛЫҚТАР Қазақстандық миллиардер Кеңес Рақышевтың Мәскеу маңындағы үйі сатылымға қойылғаны хабарланды

Қазақстандық миллиардер Кеңес Рақышев. Бөлісу

  Қазақстандық миллиардер Кеңес Рақышевтың Мәскеу маңындағы үйі сатылымға қойылғаны хабарланды Бөлісіңіз

Қазақстандық миллиардер Кеңес Рақышев Мәскеу маңындағы аумағы 841 шаршы метр үйін сатуға қойды. Бұл туралы "Выход к морю" телеграм арнасы жазды.

Бірақ ресейлік жылжымайтын мүлік агенттігі шығарған хабарлама қазір ашылмай тұр. Алайда агенттік өкілі Азаттыққа бұл үй әлі сатылымда екенін айтты.

­– Хабарлама сайттан мүлік иесінің өтінішімен алынып тасталды. Бірақ үйді сату шешімі әлі өзекті, — деді өзін Михаил Бурыкин деп таныстырған NF Group жылжымайтын мүлік агенттігінің қызметкері. Оның айтуынша, үйдің құнына ішіндегі жиһаз бен техника бағасы да кіреді.

69 сотық жерде орналасқан екі қабатты коттедждің бастапқы бағасы 850 миллион рубль болған, қазір 670 миллион рубльге (шамамен 4 млрд теңге) түскен.

Үй Мәскеудегі ең қымбат ауданда – Рублево-Успенское күре жолында орналасқан. Жылжымайтын мүлік агенттігінің хабарламасы бойынша, онда үш жатын бөлме, бірнеше зал, аумағы 234 шаршы метр монша, 3 автокөлік сыятын гараж бен қызметкерге арналған бір бөлмелі үй бар.

Агенттік өкілі үй иесінің қазір Ресейде тұрмайтынын, сол үшін сатқысы келетінін айтты.

Дәл осы үйдің қазақстандық миллиардер Кеңес Рақышевқа тиесілі екенін үш жыл бұрын ресейлік "Проект" басылымы жазған. Басылым Рублево-Успенское күре жолы Мәскеудегі ең қымбат жер екенін жазып, онда орналасқан жылжымайтын мүліктің көбіне Ресей билігімен байланысы бар байлар мен шенеуніктер иелік ететінін зерттеген. Олар әзірлеген картаға қарасақ, Рақышевпен бір көшеде ресей-өзбек олигархы Алишер Усмановтың туған әпкесі Гүлбахор Исмаилова тұрады. Ол да үйін сатылымға шығарған.

Азаттық былтыр Рақышев пен әйелі Әсел Тасмағамбетованың Алматыдағы сарайын анықтаған. Зәулім үй бұрын "Қазақстан Компартиясының" демалыс үйі болып, кейін жекешелендірілген Алмалы қалашығында орналасқан. Сарайдың қасында Нұрсұлтан Назарбаевтың "Елбасы қорына" қарайтын резиденция, тікұшақ қонатын алаң бар. Бұл аумақта Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың да үйі болған.

Источник: www.azattyq.org