үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Чувашиядан мобилизацияланған солдат командирімен төбелесіп, бөлімнен қашқаны үшін 6,5 жылға сотталған

Чувашиядан мобилизацияланған солдат командирімен төбелесіп, бөлімнен қашқаны үшін 6,5 жылға сотталған

4
0

ЖАҢАЛЫҚТАР Чувашиядан мобилизацияланған солдат командирімен төбелесіп, бөлімнен қашқаны үшін 6,5 жылға сотталған


Чувашиядан мобилизацияланған солдат командирімен төбелесіп, бөлімнен қашқаны үшін 6,5 жылға сотталған

Бөлісу

  Чувашиядан мобилизацияланған солдат командирімен төбелесіп, бөлімнен қашқаны үшін 6,5 жылға сотталған Бөлісіңіз

Ульяновск гарнизонының әскери соты мобилизация кезінде Чувашиядан әскерге алынған Игорь Малясовты командирімен төбелесіп, әскери бөлімнен қашқаны үшін 6,5 жылға соттап, қатаң режимдегі колонияға жіберген. Бұл ақпаратты Ресейдің тергеу комитеті хабарлады.

Малясовты мобилизация кезінде командирге күш көрсетіп, әскери бөлімді тастап кетті деп айыптаған.

Игорь Малясов 12 қаңтарда Чувашияда ұсталған.

Былтыр 24 қарашада Ресей президенті Владимир Путин мобилизация және қарулы қақтығыстар кезіндегі қылмыс үшін жазаны қатайтатын заңға қол қойған. Осыдан кейін соттар мобилизацияланғандарға байланысты қозғалған істе жазаны күшейткен. Әскерден қашып, командирмен жанжалдасқаны үшін 470-тен астам қылмыстық іс қозғалған.

Украинадағы соғысқа Путиннің мобилизация туралы жарлығынан кейін әскерге алынғандар әлденеше рет шағым жасап, дайындықтан өтпеген жауынгерлерді майданға аттандырған командирлердің ұрда-жық әрекеттерін сынаған.

Источник: www.azattyq.org