үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Дания Украинаға 100-ге жуық Leopard 1 танкісі мен CAESAR жүйесін беруге дайындалып...

Дания Украинаға 100-ге жуық Leopard 1 танкісі мен CAESAR жүйесін беруге дайындалып жатыр

13
0

ЖАҢАЛЫҚТАР Дания Украинаға 100-ге жуық Leopard 1 танкісі мен CAESAR жүйесін беруге дайындалып жатыр


Дания Украинаға 100-ге жуық Leopard 1 танкісі мен CAESAR жүйесін беруге дайындалып жатыр

Leopard 1 танкілері. Бөлісу

  Дания Украинаға 100-ге жуық Leopard 1 танкісі мен CAESAR жүйесін беруге дайындалып жатыр Бөлісіңіз

Дания Украинаға 100-ге жуық Leopard 1 танкісін беруге әзірлік жасап жатыр. Бұл ақпаратты Дания қорғаныс министрінің міндетін атқарушы Троэльс Лунд Поульсен Одессадағы брифинг кезінде айтқан.

– Leopard танкілерін Украинаға жазға қарай жеткіземіз. Алдағы алты айды шамалай отырып, 100-ге жуық Leopard 1 беруге болады деп ойлаймын. Бұл Украина әскерінің азаттық жолындағы күресіне айтарлықтай көмек болар еді. Біз Leopard 2 танкілерін де беру мәселесін ақылдасамыз, – деді министр міндетін атқарушы Одессадағы брифинг кезінде.

Ол Данияда Leopard 2 танкісі көп емесін, бірақ оны жеткізудің өзге де жолдарын қарастыратынын айтқан.

Поульсеннің сөзіне қарағанда, келесі аптада Украина Даниядан CAESAR артилерия жүйесін алуы мүмкін, қазір украин жауынгерлері осы қаруды қолдануды үйреніп жатыр.

Дания, Германия мен Нидерланд Украинаға беру үшін 100-ге жуық ескі Leopard 1 танкісін жөндеуге қаржы шығындайтыны ақпанда мәлім болған.

Германия қорғаныс министрі Борис Писториустың сөзінше, жазға қарай 20-25 танк, жыл соңына дейін 80-ге жуық, 2024 жылы тағы да 100 танк Укрианаға беріледі.

Дания, Германия мен Нидерландтың ақпандағы бірлескен мәлімдемесіне қарағанда, Украина таяуда кем дегенде 100 Leopard 1 танкісін алады. Оны жүргізетін украин жауынгерлерін оқытуды және оларды бөлшектермен, оқ-дәрімен қамтамасыз етуді де осы үш ел мойнына алып отыр.

Источник: www.azattyq.org