үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Жаңарған РЕКОРД. Халық банкінің табысы НЕГЕ Құлыбаевтарға жақсы пайда әкелмек?

Жаңарған РЕКОРД. Халық банкінің табысы НЕГЕ Құлыбаевтарға жақсы пайда әкелмек?

13
0


                Жаңарған РЕКОРД. Халық банкінің табысы НЕГЕ Құлыбаевтарға жақсы пайда әкелмек?

Фото: Nege.kz

Халық банкінің конгламераты 2022 жылдың аудиттелген шоғырланған қаржылық есебін жариялады. Топтың табысы өсті. Енді акционерлер мол дивидендке кенелмек.

Халық банкінің қаржылық тобы былтырғы жылы 553,7 миллиард теңге таза кіріс алды. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 19,7 пайызға артық. 2021 жылы Халық банкі тобының кірісі 462,3 миллиард теңге болған еді,

  • Қаржыгерлер дәуірі. Банктердің табысы НЕГЕ артып келеді?

Топтың міндеттемелері 12,4 триллион теңгеге жетсе, активтері 14,3 триллион теңгені иектеді. Ал капиталы өсіп, 1,9 триллион теңге болды.

«Халық банкі» АҚ 2022 жылдың қортындысы бойынша аудиттелген қаржылық есебі. Аудитор: Deloitte.kz

Ресейге қарсы санкциялардың әсері топтың тәуекелдерін ұлғайтқаны анық. Ресейлік бағалы қағаздар мен банктер бойынша жалпы тәуекел 35,8 миллиард теңгені, ал таза тәуекел 15,5 миллиард теңгеге жеткен.

Сонымен бірге, Халық банкі өзінің басқа елдердегі еншілес банктерін сата бастады. «Халық Банк Тәжікстан» акционерлік қоғамының 100 пайыз акциясы Тәжікстан халықаралық банкіне сатылды. Одан Халық тобы 462 миллион теңге шығынға батты. Сонымен бірге, Ресейдегі Москоммерцбанк еншілес ұйымын да сатып үлгерді. Ол сатудан топтың шығыны 18,7 миллиард теңгеге жетті.

  • «Құлыбаевтың құбырынан» аққан миллиардтар қайда құйылып жатыр?

Халық банк тобының негізгі қожайындары – Тимур ҚҰЛЫБАЕВ пен Динара ҚҰЛЫБАЕВА. 2022 жылдың аяғына таман олар қаржылық топтың 69,7 пайызына «Алмэкс» холдингі арқылы иелік ете бастады. Егер таза пайданың барлығы акционерлерге дивиденд ретінде беру бойынша шешім қабылданса, биыл Тимур мен Динара Халық банкінен 386 миллиард теңге алатын болады.

«Халық банкі» АҚ 2022 жылдың қортындысы бойынша аудиттелген қаржылық есебі. Аудитор: Deloitte.kz

Халық банкі – табысы бойынша еліміздегі нөмірі бірінші банк. Екінші орындағы Kaspi bank табысы бойынша «Халықты» өкшелеп келеді.

Халық банкі – жүйе құраушы қаржылық институт. Сондықтан оның тұрақтылығы аса маңызды.

#кулибаев #халық #народный

Источник: nege.kz