үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Жамбыл облысында қайтыс болған сарбаз туралы әскери прокуратура мәлімдемесіне адвокат келіспейді

Жамбыл облысында қайтыс болған сарбаз туралы әскери прокуратура мәлімдемесіне адвокат келіспейді

17
0


Жамбыл облысында қайтыс болған сарбаз туралы әскери прокуратура мәлімдемесіне адвокат келіспейді

ЖАҢАЛЫҚТАР Жамбыл облысында қайтыс болған сарбаз туралы әскери прокуратура мәлімдемесіне адвокат келіспейді

Шекара заставасында өзіне қол жұмсаған сарбаз Бекбол Мираштың әскери киімі мен портреті үйінің қабырғасында ілулі тұр. Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылы. 24 тамыз, 2022 жыл. Бөлісу

  Жамбыл облысында қайтыс болған сарбаз туралы әскери прокуратура мәлімдемесіне адвокат келіспейді Бөлісіңіз

Адвокат Сержан Пірәлиев Қазақстан бас әскери прокуратурасының сарбаз өліміне қатысты таратқан мәлімдемесі "жалған" деп есептейді. Бұл туралы ол Азаттық тілшісіне айтты.

21 ақпанда Қазақстаның бас әскери прокуратурасы Жамбыл облысындағы Шөлдала шекара заставасында қайтыс болған сарбаз Бекбол Мираштың сексуал зорлық көргені туралы мәлімет расталмағанын, өз-өзіне қол салуға итермелеген болуы мүмкін деген күдікті ұсталғанын хабарлаған.

Алайда күдіктінің адвокаты Сержан Пірәлиевтің айтуынша, "сексуал зорлық көргені расталмады" деу үшін молекулалық-генетикалық сараптама қорытындысы толық шығуы керек, тергеу бітуі керек. Бірақ әлі ешқайсысы аяғына жетпеген.

"Бұған дейін жасалған молекулалық-генетикалық төрт сараптама қорытындысын қайда жібереді? Сонда шұлғауы мен аяқкиімінен басқа жерінің бәрінен (аузы, ішкиімі) табылған шәуетті қайда жіберді? Екі не одан да көп ер адамның ДНҚ-сы табылды, соның кімге тиесілі екенін іздеп жатыр. Шекара заставасында 88 әскери қызметкер болған. Оларға да сараптама тағайындады. 17 ақпанда сол заставада тағы инженерлік сапер ротасының 42 жауынгері жатқанын білдім. Оларға да молекулалық-генетикалық сараптама жасалып жатыр" деді Пірәлиев Азаттыққа.

Бас әскери прокуратура таратқан хабарламада "суицидке итермелеуі мүмкін деген адам Бекбол Мирашқа және өзге де жауынгерлерге ұдайы психологиялық қысым көрсетіп, соққыға жыққан" делінген.

Адвокат Пірәлиев бұл мәліметке де келіспейді. Оның айтуынша, Бекбол Мираштың денесінен ұрып-соғу белгілері табылмаған.

"Тергеу материалдарында бес адам түн ортасында ішімдік ішкені жазылған. Мұны бәрі мойындаған. Оның ішінде қайтыс болған жауынгер де бар. Бірақ оның қанынан алкоголь табылмады. Қазір сол кездегі төрт адам куәгер, жәбірленуші ретінде тергеліп жатыр. Олардың айтуынша, Бекбол Мираштың да, басқаларының да басынан біреу орындықпен ұрған. Бірақ мәйіттің сот-медицина сараптамасында бір ғана жарақаты бары жазылған, ол – мойнындағы белдіктің ізі. Орындықпен ұрса, басында ісік қалар еді, ондай жоқ. Куәгерлердің сөзі күмән тудырады" дейді адвокат.

Источник: www.azattyq.org