үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Ұлыбритания мен Нидерланд Украинаға F-16 жойғыш ұшағын жеткізетін коалиция құрғысы келеді

Ұлыбритания мен Нидерланд Украинаға F-16 жойғыш ұшағын жеткізетін коалиция құрғысы келеді

21
0

ЖАҢАЛЫҚТАР Ұлыбритания мен Нидерланд Украинаға F-16 жойғыш ұшағын жеткізетін коалиция құрғысы келеді


Ұлыбритания мен Нидерланд Украинаға F-16 жойғыш ұшағын жеткізетін коалиция құрғысы келеді

Украинаға F-16 жойғыш ұшағын беруді талап етіп, пикетке шыққандар. Польша, Варшава. Бөлісу

  Ұлыбритания мен Нидерланд Украинаға F-16 жойғыш ұшағын жеткізетін коалиция құрғысы келеді Бөлісіңіз

Ұлыбритания мен Нидерланд Украинаға Американың F-16 жойғыш ұшақтарын жеткізумен шұғылданатын "халықаралық коалиция" құрғысы келеді. Бұл жөнінде сейсенбіде британ үкіметі хабарлады.

Баспасөз хатшысы Даунинг-стриттің сөзінше, Ұлыбритания мен Нидерландтың премьер-министрлері Украина әуе күштеріне қолдау көрсетіп, F-16 ұшқыштарын әзірлеуден бастап ұшақтың өзін жеткізуге дейінгі жұмыстарды ұйымдастыратын коалиция құрмаққа уағдаласқан.

Украина президенті кеңсесінің басшысы Андрей Ермак Ұлыбритания мен Нидерланд басшыларына алғыс айтып, "Бізге F-16 керек. Одақтастарымыздың осы бағытта жұмыс істеуге құлшыныстарына рақмет" деген.

Америкада жасалатын F-16 жойғыш ұшағын Украинаға беру үшін АҚШ-тың келісімі керек. Ақ үй әзірге рұқсат бермей, ұшқыш дайындаудың қиындығын, ұшақты техникалық тұрғыда қамтамасыз ету күрделі екенін, ол Ресейдің әуе қорғанысы жүйесі алдында салыстырмалы түрде қорғанысы әлсіз екенін алға тартып келген.

Алада биыл наурызда CNN телеарнасы Америка әскери қызметкерлері украин ұшқыштарына F-16 ұшағын басқаруды үйретуге қанша уақыт кететінін есептеп көруге талпынғанын хабарлаған.

Источник: www.azattyq.org