үй Қазақстан жаңалықтары Экономика МҰНАЙ доллары жолындағы ТАЛАС. Қазақстан NCOC-пен НЕГЕ соттаспақ?

МҰНАЙ доллары жолындағы ТАЛАС. Қазақстан NCOC-пен НЕГЕ соттаспақ?

11
0


                МҰНАЙ доллары жолындағы ТАЛАС. Қазақстан NCOC-пен НЕГЕ соттаспақ?

Фото: NEGE

Қазақстан Қашағандағы мұнайдан тезірек пайда түсіруге асығып отыр. Ал Қашағанға инвестиция құйған халықаралық ірі компаниялар кен орын барынша пайдаланып, барлық кірісін сығып алғысы келеді. Олар пайда тапқанша Қазақстан сыртта күтіп тұруы тиіс.

Қазақстан Қашаған мен Қарашығанақ кен орнынан мұнай өндіріп отырған алпауыт компаниялардың үстінен халықаралық арбитраждық сотқа шағым түсірді. Қазақстан үкіметі «инвесторлар 13 миллиард долларды рұқсатсыз шығын ретінде көрсеткен» деп есептейді. Яғни, олар Қазақстанның табысын азайтып отыр. Өз кезегінде NCOC консорциумы Қазақстанның үстінен кері шағым түсірді. Енді халықаралық арбитраждың шешімін күтеміз.

  • Бәрін алып кетеміз. Қашаған инвесторлары НЕГЕ қазақ мұнайын қазаққа бергісі келмейді?

«Мен Қашаған жобасының экономикасын қысқаша түсіндіріп кетейін», – дейді NEGE шолушысымен тілдескен мұнай саласының сарапшысы Нұрлан ЖҰМАҒҰЛОВ. «Акционерлер жобаға 60 миллиард доллар инвестиция салдық деп есептеп отыр. Ал Қазақстан өтелетін шығындар ішіндегі 13 миллиард доллардан астам қаржыны есепке алғысы келмейді».

«Қашағандағы табысты бөлу жүйесі инвесторлар өз инвестицияларын «LIBOR +2,5» (жылдық шамамен 6-7%) мөлшерлемесіне көбейткенге дейін қалпына келтірмейінше, Қазақстан айтарлықтай пайда алмайтындай етіп ұйымдастырылған»

Қазақстан неге мұндай қадамға барып отыр? Бұған дейін WoodMackenzie Қашағанның экономикалық моделіне талдау жасаған болатын. Ондағы ақпарат бойынша, Қашаған кен орнынан қазір біз мұнай бағасына бекітілген роялти алып отырмыз. Brent баррелінің бағасы 55 доллар болса, роялти 2 пайыздан басталады. Егер 190 доллардан асса, онда біздің үлесіміз 12,5% болады. Қазір баррель бағасы орта есеппен 80 доллар деп есептесек, онда біз алатын роялти 4% деңгейінде.

 

Қашағанның экономикалық моделіне таңдау. Дереккөз: Wood Mackenzie

Ал нақты кірісті біз тек инвестор шығынын жауып біткеннен кейін ғана аламыз. Инвестордың табысты бөлігіндегі үлесі (өтелетін шығындар үлесін алып тастағанда) жалпы өндіріс көлемі 3 миллиард баррельге жеткенше 90% шамасында. Өндірістік көлем осы межеден асқаннан кейін Қазақстанның үлесі арта бастамақ. Ағымдағы өндіріс қарқынына қарап, Қашаған бұл көрсеткішке тек 2037 жылға қарай жететінін байқаймыз. Сонда, Қашаған алғашқы табыс салығын біздің бюджетке тек 2030 жылы ғана төлемек.

  • Біз кім, ДСҰ кім? ТШО, КПО, NCOC және Total Dunga мұнай-газ алпауыттары НЕГЕ ДСҰ талаптарын сақтамайтын болады?

Қазір Қазақстан үш жыл үшін күресіп жатыр. Егер ол халықаралық сотта 13 миллиард доллларды шығын құрамынан алып тастаудың дұрыстығын дәлелдей алса, онда пайданы 2030 жылы емес, 2027 жылы алмақ.

Қазақстан мен NCOC консорциумы арасындағы сот Женева не Стокгольм юрисдикцияларында өтуі тиіс.

#NCOC #Қашаған #PSA

Источник: nege.kz