үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Су-жылу құбырларында апат жиілеген Рудныйда төтенше жағдай жарияланды

Су-жылу құбырларында апат жиілеген Рудныйда төтенше жағдай жарияланды

30
0


Су-жылу құбырларында апат жиілеген Рудныйда төтенше жағдай жарияланды

ЖАҢАЛЫҚТАР Су-жылу құбырларында апат жиілеген Рудныйда төтенше жағдай жарияланды Көрнекі фото Бөлісу

  Су-жылу құбырларында апат жиілеген Рудныйда төтенше жағдай жарияланды Бөлісіңіз

Су және жылу құбырларының апаты жиілеген Қостанай облысының Рудный қаласында төтенше жағдай жарияланған. Бұл ақпаратты "ҚазАқпарат" агенттігі облыс әкімдігіне сілтеп хабарлады.

Әкімдіктің мәліметіне қарағанда, жылу, су және канализация желілерінің тозуына байланысты апат көбейген. Осыған байланысты қала әкімдігі жылу маусымы кезінде құбырлардың қатып қалуына жол бермеу үшін және шұғыл әрекет ету, қосымша күш тарту, қаржы мәселесін шешу мақсатында жергілікті жерде техногендік сипатттағы төтенше жағдай жариялаған. Әкімдік жағдай бақылауда тұр деп есептейді.

27 қаңтарда Рудный қаласының көпқабатты 24 үйі құбыр жарылғанынан жылусыз қалған. Осыған ұқсас апат бұған дейін де болып, 24 көпқабатты үй мен жеке сектордағы 56 үйге және заңды тұлғалардың 16 ғимаратына жылу жетпей қалған.

Биылғы жылу маусымы кезінде Қазақстанның өзге де аймақтарында жылу құбырлары істен шығып, тұрғындар жылусыз қалған кездер жиілеген. Қазан айының аяғында Екібастұз жылу электр орталығыында ірі апат болып, жүздеген үй қақаған суықта жылусыз қалған еді. Қазақстан билігі елдегі жылу жүйелерінің 70-90 пайызға жуығы тозғанын мәлімдеген.

Источник: www.azattyq.org