үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Сыртқы істер министрлігі: Қазақстан аумағында Ресей сотының шешімі жүрмейді

Сыртқы істер министрлігі: Қазақстан аумағында Ресей сотының шешімі жүрмейді

24
0


Сыртқы істер министрлігі: Қазақстан аумағында Ресей сотының шешімі жүрмейді

ЖАҢАЛЫҚТАР Сыртқы істер министрлігі: Қазақстан аумағында Ресей сотының шешімі жүрмейді Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ғимараты. Бөлісу

  Сыртқы істер министрлігі: Қазақстан аумағында Ресей сотының шешімі жүрмейді Бөлісіңіз

Украина жөніндегі материалына байланысты Қазақстанның Arbat.media басылымын Ресейдің Владимир қаласындағы Ленин аудандық соты шақырғанына Қазақстан сыртқы істер министрлігі реакция білдірді. Бұл жөнінде басылымның өзі хабарлады.

Arbat.media басылымының жазуынша, Қазақстан сыртқы істер министрлігі "Ресей соты Ресей федерациясының азаматтық-процестік заңнамасының талабы бойынша шақырып отыр" деп біледі.

"Олардың қандай да бір жаңалықтар ресурсын Ресей аумағында бұғаттау жөніндегі шешімі Ресейдің ішкі заңына негізделеді. Ол шешімнің Қазақстан аумағында күші жоқ" дейді сыртқы істер министрлігі.

Министрлік Қазақстан мен Ресей арасында "өз аумағындағы БАҚ-тың іс-әрекетіне сырттан араласуға мүмкіндік беруді қарастыратын келісім жасалмаған" және Arbat.media басылымы "Қазақстан заңын бұзған жоқ" деп жауап берген.

31 қаңтарда Arbat.media порталы Украина туралы материалға байланысты редакция поштасына Ресейдің Владимир қаласының Ленин аудандық сотына шақыру түскенін хабарлаған. Талап арыз беруші Ресейдің 19-әскери прокуратурасы мен 56680 әскери бөлімі деп көрсеткен. Сот 17 ақпанға белгіленген.

Азаттық тілшісіне берген комментарийінде басылымның бас редакторы Сырым Итқұлов редакция Ресей сотының кеңсесіне хабарласып, сотты онлайн форматта өткізуді сұрағанын айтты. Алайда Ресей соты процесс онлайн болмайтынын, тікелей өзі келіп қатысуы қажет екенін міндеттеген. Итқұлов сотқа бармайтынын мәлімдеді.

Аrbat.media хабарына қарағанда, әңгіме "Ресей басқыншылары Харьков облысында жеңіліске ұшырады, бірақ оны мойындағысы келмейді" деген мақала туралы.

Басылым бұл мақалада қыркүйек айында Харьков түбінен шегінген Ресей әскері туралы Ресей мен Украина БАҚ-тарының реакциясы сөз болды деп есептейді.

Украина тақыбырында жазған Қазақстан баспасөзін Ресей соты алғаш шақырып отыр. Бұған дейін Роскомнадзор Қазақстанның бірнеше басылымына Украина туралы материалын алып тастау жөнінде ескерту берген.

Arbat.media порталын Ресей соты шақырғаннан кейін сөз еркіндігін қорғаушы "Әділ сөз" ұйымы Қазақстан үкіметіне ашық хат жазған.

Источник: www.azattyq.org