үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Таразда прокурор Қаңтар бойынша айыпталған бір адамды 20 жылға, әкелі-балалыларды 7 жылға...

Таразда прокурор Қаңтар бойынша айыпталған бір адамды 20 жылға, әкелі-балалыларды 7 жылға соттауды сұрады

8
0

ЖАҢАЛЫҚТАР Таразда прокурор Қаңтар бойынша айыпталған бір адамды 20 жылға, әкелі-балалыларды 7 жылға соттауды сұрады


Таразда прокурор Қаңтар бойынша айыпталған бір адамды 20 жылға, әкелі-балалыларды 7 жылға соттауды сұрады

Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты. Көрнекі сурет. Бөлісу

  Таразда прокурор Қаңтар бойынша айыпталған бір адамды 20 жылға, әкелі-балалыларды 7 жылға соттауды сұрады Бөлісіңіз

12 сәуірде Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қаңтар оқиғасынан соң істі болған тоғыз адамның жарыссөзі аяқталып, прокурор соттан айыпталушыларға жаза сұрады. Бұл туралы Азаттыққа Жамбыл облыстық соты хабарлады.

Прокурор Тараз тұрғыны Ербол Жұмановты 20 жылға түрмеге қамауды сұрады. Тергеу Жұмановқа Қылмыстық кодекстің "қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын жымқыру не қорқытып алу", "құқық қорғау органы қызметкерінің өміріне қол сұғу", "қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды заңсыз иемдену" сынды бірнеше ауыр баппен айып таққан.

Мемлекеттік айыптаушылар тағы төрт сотталушыға жеті жыл, біреуіне алты жыл түрме жазасын беру керек деп санайды. Бұлар "жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды", "жаппай тәртіпсіздікке қатысты", "Қаңтар оқиғасы кезінде халықты зорлық-зомбылық жасауға шақырды" деп айыпталған.

Прокурорлар "жаппай тәртіпсіздікке қатысты" деп сотқа тартылған үш адам Саламат Қосанов, Досмұхамбет Садықов, Ермахан Сайлауовтың әрқайсына бес жылдық жаза кесуді, рақымшылық заңына сай сот залынан босатуды сұрады.

Прокурорлар жеті жылға соттауды сұрап отырғандар арасында әкелі-балалы Нұрахан Махатов пен Қанат Нұраханұлы бар. Олардың жақындары тергеумен келіспейді.

— Тараздағы дүрбелең кезінде күйеуім Нұрахан Махатов – алаңға жастарға басу айту үшін барған адам. 5 қаңтарда кешкі жетілер шамасында үйден шығып кетіп, үш сағаттан соң оралды. "Жасы келген адам ғой, ауырып қалар, әкеңді үйге алып кел" деп баламды алаңға өзім жіберген едім. Екеуінің алаңда жүрген сәті видеоға түсіп қалған екен. Сол үшін тергеу әкелі-балалы екеуін "жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырушы" етіп шығарып отыр. Жарыссөз кезінде соттан тергеу кезіндегі заңсыздықтарға назар аударып, әділ үкім шығаруын сұрадым, — дейді Нұрахан Махатовтың әйелі Балқия Ыбыраева.

64 жастағы тараздық Нұрахан Махатов 2022 жылы 20 қаңтарда ұсталған. Ал оның 35 жастағы ұлы Қанат былтыр сәуір айының соңында қамалған.

Жамбыл облыстық соты бұл іс бойынша жәбірленуші саны — 157 адам, ал шығын көлемі 4,3 млрд теңгеге жуық деп хабарлады. Айыпталушылар 14 сәуірде соттағы соңғы сөзін айтады, одан кейін үкім шығуы тиіс.

Источник: www.azattyq.org