үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Әзербайжан Ресейдің бітімгер күштері тұруға тиіс Лашын дәлізіне бақылау пунктін орнатты

Әзербайжан Ресейдің бітімгер күштері тұруға тиіс Лашын дәлізіне бақылау пунктін орнатты

27
0

ЖАҢАЛЫҚТАР Әзербайжан Ресейдің бітімгер күштері тұруға тиіс Лашын дәлізіне бақылау пунктін орнатты


Әзербайжан Ресейдің бітімгер күштері тұруға тиіс Лашын дәлізіне бақылау пунктін орнатты

Бөлісу

  Әзербайжан Ресейдің бітімгер күштері тұруға тиіс Лашын дәлізіне бақылау пунктін орнатты Бөлісіңіз

23 сәуірде Әзербайжан сыртқы істер министрлігі мен мемлекеттік шекара қызметі Таулы Қарабақ пен Арменияны жалғайтын Лашын дәлізіндегі жолға бақылау пункті орнатылғанын мәлімдеді.

Бұған дейін Баку Ереванды "осы дәліз арқылы Таулы Қарабаққа қару-жарақ пен оқ-дәрі жеткізіп, Әзербайжанның табиғи ресурстары мен мәдени құндылықтарын әкетіп жатыр, сөйтіп, 2020 жылы Ресейдің араағайындығымен жасалған бітім туралы келісімді бұзды" деп айыптаған.

"Лашын дәлізінің бас жағына орнатылған бақылау пункті бұдан былай қауіпсіздікті қамтамасыз етеді" дейді Әзербайжан сыртқы істер министрлігі. Алайда 2020 жылы 10 қарашада қол қойылған үшжақты келісімде Әзербайжанның бақылау пункті орнатылатыны туралы айтылмаған. Келісімде Лашын дәлізін Ресейдің бітімгер күштері бақылайтыны көрсетілген.

Әзербайжан сыртқы істер министрлігі бақылау пункті Ресейдің бітімгер күштерімен ынтымақтаса жұмыс істейді дейді. Ресей әзірге бұл жөнінде түсінік бермеген.

АҚШ Бакудың әрекетіне алаңдаушылық білдірген. Мемлекеттік департамент мәлімдемесінде "Әзербайжанның бақылау пункті екі ел арасындағы жанжалды бейбіт реттеуге бағытталған күш-жігерге нұқсан келтіруі мүмкін" деп жазылған.

Әзербайжан белсенділерінің Лашын дәлізін жабуға талпынып жүргеніне бірнеше ай болған. Олар "мақсатымыз – Таулы Қарабақтың табиғи ресурстарын Арменияның пайдалануына жол бермеу" деп мәлімдеген. Баку 23 сәуірде Лашын дәлізіндегі көлік қозғалысын мемлекет бақылайтынын алғаш рет жариялады.

Армения сыртқы істер министрлігі Әзербайжанның әрекеті екі ел арасындағы бітімді бұзу деп мәлімдеді. "Ресей Федерациясын үшжақты келісім бойынша өз мойнына алған міндеттемесін орындауға, Лашын дәлізінен Әзербайжан күштерін шығарып тастауға шақырамыз" деп айтылған мәлімдемеде.

Лашын дәлізі – Армения мен армяндар бақылайтын Таулы Қарабақты жалғайтын жалғыз тасжол.

2020 жылы күздегі 44 күн соғыстан кейін Лашын дәлізіне Ресейдің бітімгершілік күштері кірген. Осы соғыс нәтижесінде Баку өзін республика деп жариялап алған Таулы Қарабаққа бақылау орнатқан.

Источник: www.azattyq.org