үй Әлем жаңалықтары ҚазҰУ мен Қырғызстан халықаралық университеті меморандумға қол қойды

ҚазҰУ мен Қырғызстан халықаралық университеті меморандумға қол қойды

9
0

497 Арман

ҚазҰУ мен Қырғызстан халықаралық университеті меморандумға қол қойды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев «Қырғызстан халықаралық университеті» Академиялық консорциумының Президенті Арсен Айдаралиев және ректоры Елена Савченко бастаған делегациямен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жүздесу барысында ҚазҰУ мен Қырғызстан халықаралық университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандум мақсаты – серіктестікті дамыту, ортақ білім беру бағдарламасын жүзеге асыру және ғылыми бағытта бірлесіп зерттеулер жүргізу.

ҚазҰУ мен Қырғызстан халықаралық университеті меморандумға қол қойды

Келісім академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқытушылар мен студенттер алмасуға және тағылымдамадан өтуге, қос дипломды білім беру бағдарламасын жүзеге асыруға, ортақ конференциялар мен симпозиумдар өткізуге мүмкіндік береді.

Кездесу барысында ҚазҰУ басшысы Жансейіт Түймебаев құрметті қонақтарға университет туралы толық ақпарат беріп, ҚазҰУ-дың шетелдік жоғары оқу орындарымен ғылыми-білім беру кеңістігінде мол тәжірибесі барын атап өтті.

ҚазҰУ мен Қырғызстан халықаралық университеті меморандумға қол қойды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қырғызстанның 10 жоғары оқу орнымен серіктестік орнатқан. Атап айтқанда: Ж.Баласағұни атындағы Қырғыз Ұлттық Универсиеті, Манас атындағы қырғыз-түрік университеті, Ош технологиялық университеті, И.Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университеті және т.б.

2022 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғызстан Республикасына ресми сапары аясында екі ел Президенттерінің қатысуымен ҚазҰУ филиалы ашылған болатын. Бішкек қаласының ортасында орналасқан филиалда қазіргі таңда 14 білім беру бағдарламасы бойынша студенттер білім алуда.

ҚазҰУ мен Қырғызстан халықаралық университеті меморандумға қол қойды

Өз кезегінде Арсен Айдаралиев Қырғызстан халықаралық университеті туралы ақпарат беріп, бүгінгі бастаманың жемісті боларына сенім білдірді. Сондай-ақ өз сөзінде құрметті мейман екі университет арасындағы ынтымақтастықты арттыруда бар күш жігерін салатынын жеткізді.

ҚазҰУ мен Қырғызстан халықаралық университеті меморандумға қол қойды

ҚазҰУ мен Қырғызстан халықаралық университеті меморандумға қол қойды

ҚазҰУ мен Қырғызстан халықаралық университеті меморандумға қол қойды

Кездесуден соң Қырғызстан халықаралық университетінің делегациясы ҚазҰУ музейін, «Әл-Фараби» кітапханасын және жағдаяттық басқару орталығын аралап, қызметімен танысты.

Источник: dknews.kz