үй Әлем жаңалықтары Экономикалық байланыстарды кеңейту мақсатында нидерландтық бизнес делегация Ақтөбе облысына іссапармен барды

Экономикалық байланыстарды кеңейту мақсатында нидерландтық бизнес делегация Ақтөбе облысына іссапармен барды

7
0

254 Арман

Экономикалық байланыстарды кеңейту мақсатында нидерландтық бизнес делегация Ақтөбе облысына іссапармен барды

Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Елшілігінің қолдауымен Ақтөбе облысына нидерландтық бизнес делегациясы барды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сапар барысында Вестланд муниципалитетінің мэрі Буке Арендстың басшылығымен нидерландтық бизнестің 20-дан астам өкілі «Aqtobe Greenary» халықаралық конференциясына қатысып, озық тәжірибелерімен бөлісіп, бірлескен кәсіпкерлікті дамыту және серіктестікті нығайту туралы келісімдерге қол жеткізді. 

Делегация өкілдері Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановпен кездесті. Кездесу барысында экономикалық байланыстарды нығайту және бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Ералы Тоғжанов «Ауыл аманаты» жобасын таныстырып, ауыл шаруашылығы саласындағы голландиялық әріптестермен тәжірибе алмасуға қызығушылық танытты. Сонымен қатар, жиында облыстың жылыжай секторы туралы мәліметтер ұсынылды, онда жалпы көлемі 53 гектарды құрайтын 40 жылыжай шаруашылығы бар, олардың негізгі өнімі ауыл шаруашылығы өнімдері. Әкім сондай-ақ қатты пайдалы қазбалардың бос кен орындарының бар екендігін және тауашалық жобаларды жүзеге асыру, облыстағы оқу орындары мен Нидерланд университеттері арасындағы ғылыми байланыстарды және академиялық ұтқырлықты кеңейту мүмкіндігін атап өтті.

Экономикалық байланыстарды кеңейту мақсатында нидерландтық бизнес делегация Ақтөбе облысына іссапармен барды

Кездесу нәтижесінде тараптар Ақтөбе облысы мен Вестланд муниципалитеті арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Меморандумға сәйкес, тараптар жылыжай мен онымен байланысты салаларды дамыту, сондай-ақ екі өңірдің инвестициялық, сауда, білім беру және туризм мекемелері арасында тұрақты байланыстар орнату бойынша ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.

Источник: dknews.kz