үй Әлем жаңалықтары Канада Парламентінде көктем мерекесі – Наурыз өткізілді

Канада Парламентінде көктем мерекесі – Наурыз өткізілді

19
0

1071 rob

Канада Парламентінде көктем мерекесі – Наурыз өткізілді

Қазақстан-Канада парламентаралық тобының бастамасымен Канада Парламентінде Наурыз мерекесі өтті. Іс-шараны Қазақстан, Әзербайжан, Ауғанстан, Иран, Үндістан, Түркия және т.б. елдердің ұлттық диаспоралары бірлесіп ұйымдастырды. Қатысушылардың жалпы саны 600-ден асты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Канада Парламентінде көктем мерекесі – Наурыз өткізілді

Парламентаралық топтың мүшесі – Канада Парламентінің депутаты Чандра Арья Наурыз 5 мың жылдан астам ежелгі тарихы бар мереке екенін атап өтті. Оның айтуынша, жыл сайын Канадада бұл мереке кеңірек тойланып, Наурызға қызығушылық өсуде. 

Канада Парламентінде көктем мерекесі – Наурыз өткізілді

Канададағы шетелдік дипломатиялық корпус атынан сөйлеген сөзінде Қазақстан Елшісі Ақылбек Камалдинов Наурыз көктемнің дәстүрлі мерекесі ретінде шығыс күнтізбесі бойынша табиғаттың жаңғыруы, жаңару және жаңа жылдың басталуы идеясын бейнелейтінін атап өтті. Сондай-ақ, ол Наурыз мейрамы жақсылықтың, берекенің, бақыт пен достықтың нышаны, дүние жүзіндегі көптеген халықтарға ортақ мереке екенін атап өтті. 

Источник: dknews.kz